Skip to main content
  • «ҰАТ» АҚ Көлік құралдарын әкелуге қатысты ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды

    «ҰАТ» АҚ Көлік құралдарын әкелуге қатысты ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ҚР ақпараттық жүйелері мен ЕЭК Кеңесінің шешімімен айқындалған Электрондық паспорт жүйелерінің әкімшісі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды.

    Осы келісім аясында:

    - Электрондық паспорттармен алмасу;

    - Автомобильдерді тіркеу, ЕАЭО құқығымен белгіленген қандай да бір шектеулердің болуы туралы мәліметтер алмасу;

  • eGov.kz порталында 270 нысаны бойынша декларация тапсыруға болады

    eGov.kz порталында 270 нысаны бойынша декларация тапсыруға болады

    Ағымдағы аптаның соңында Қазақстанда кірістер мен мүлік туралы электрондық декларацияларды тапсыру мерзімі аяқталады. Мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 н.) eGov.kz порталының көмегімен ұсына алады.

  • Қазақстандықтар eGov.kz порталының көмегімен банктік қарыздарды алудан шексіз мерзімге бас тарта алады

    Қазақстандықтар eGov.kz порталының көмегімен банктік қарыздарды алудан шексіз мерзімге бас тарта алады

    Енді ҚР азаматтары eGov.kz порталындағы көрсетілетін қызметтің көмегімен банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан шексіз уақытқа өз еркімен бас тарта алады.

    Сервисті пайдалануға тек азаматтың өзі ғана өтінім бере алады. Кредиттер мен шағын қарыздарды ресімдеуге тыйым салу мерзімсіз уақытқа қойылады. Сондай-ақ, пайдаланушы кез келген уақытта несиелер мен қарыздарды алуға белгіленген шектеулерді алып тастай алады. Ол үшін eGov.kz порталында қызмет көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтатуға өтінім беру қажет.