Skip to main content
  • «ҰАТ» АҚ және Zehn.ai GovTech саласында бірлескен инновациялық зертхана құрады

    «ҰАТ» АҚ және Zehn.ai GovTech саласында бірлескен инновациялық зертхана құрады

    Тиісті келісім Digital Almaty 2025 форумы аясында жасалды. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) мен Zehn.ai арасындағы стратегиялық келісім мемлекеттік технологиялар мен цифрлық трансформация саласындағы бірлескен инновациялық зертхананы құруға және дамытуға бағытталған.

    Меморандумға қол қою нәтижесінде GovTech және жасанды интеллект (AI) саласындағы жаңа технологиялық шешімдерді тестілеу мен енгізуге арналған бірегей платформа ретінде зертхана құрылады. 

  • «ҰАТ» АҚ мемлекеттік органдардың серверлік инфрақұрылымын дамыту үшін 34 миллиард теңге қарыз қаражатын тартуда

    «ҰАТ» АҚ мемлекеттік органдардың серверлік инфрақұрылымын дамыту үшін 34 миллиард теңге қарыз қаражатын тартуда

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) ҚР мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері үшін серверлік жабдықтармен қамтамасыз ету жобасын іске асыруда. Жобаны қаржыландыру «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) серіктестігімен несие желісі арқылы қамтамасыз етілген. Бұл «ҰАТ» АҚ-ның жүзеге асыру үшін қарыз қаражаты тартылған алғашқы жобасы.

  • Smart Data Ukimet халықаралық Global CIO байқауында жылдың үздік жобасы деп танылды

    Smart Data Ukimet халықаралық Global CIO байқауында жылдың үздік жобасы деп танылды

    Деректерді кешенді талдауға арналған Smart Data Ukimet жүйесі Global CIO халықаралық байқауында Best Analytics and Big Data номинациясы бойынша жылдың үздік жобасы атанды.

    2024 жылдың қыркүйегінде Global CIO кәсіби IT-қауымдастығы ұйымдастырған жыл сайынғы «Жылдың үздік жобасы» байқауы басталды. Биылғы байқауға 100-ден астам елден 526 жоба ұсынылып, ол IT-саладағы маңызды оқиғалардың біріне айналды.

  • «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып Айбол Бижанов сайланды

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып Айбол Бижанов сайланды

    Бүгін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Айбол Бейбітұлы Бижанов Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

    Айбол Бейбітұлы 1991 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Оның 10 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар, соның ішінде 5 жыл бойы IT-инфрақұрылым саласында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.