Skip to main content

Қазақстанда азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібі өзгеріп жатыр

Қазақстанда азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібі өзгеріп жатыр

2025 жылғы 24 қарашадан бастап азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу рәсіміне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Қызмет тек онлайн форматта – eGov.kz электрондық үкімет порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы көрсетіледі.

«Alem.Cloud» ұлттық суперкомпьютерлік кластері әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің рейтингіне енді

«Alem.Cloud» ұлттық суперкомпьютерлік кластері әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің рейтингіне енді

«Alem.Cloud» ұлттық суперкомпьютері әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің халықаралық рейтингі – TOP500 тізімінде 86-орынға ие болды. Бұл рейтингке тек HPL (High-Performance Linpack) стандарты бойынша тәуелсіз тестілеуден өткен кластерлер ғана қосылады. HPL – әлемдік деңгейде есептеу қуатын өлшеудің эталоны болып саналады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) электрондық үкімет порталы eGov.kz пен оның құрамдас бөліктерінде (eOtinish сервисі, Smart Bridge платформасы, «Ашық үкімет» порталы) пайдаланушыларға жаңа авторизация әдісі енгізілгенін хабарлайды.

Енді пайдаланушыларға бірнеше аутентификация нұсқасы қолжетімді:

eGov Mobile қосымшасында үйде білім алатын мүгедектігі бар балалардың оқу шығындарын өтеу қызметі қолжетімді болды

eGov Mobile қосымшасында үйде білім алатын мүгедектігі бар балалардың оқу шығындарын өтеу қызметі қолжетімді болды

Қазақстандықтар «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы рәсімдей алады. Қызмет ата-аналарға баласын білім беру ұйымына бара алмайтын жағдайда үйде оқыту үшін қосымша әлеуметтік көмек алуға өтінішті қашықтан беру мүмкіндігін береді.

Өтемақы жеке оқу жоспарына және баланың үйде оқытылатынын растайтын білім беру ұйымының анықтамасына негізделіп төленеді. Төлем оқу процесін қамтамасыз етуге байланысты шығындардың бір бөлігін өтеуге бағытталған.

БҰҰДБ және Қазақстан Үкіметі мемлекеттік органдардың ашық бастапқы кодқа көшуге дайындығын бағалаудың жаһандық бағдарламасын іске қосуда

БҰҰДБ және Қазақстан Үкіметі мемлекеттік органдардың ашық бастапқы кодқа көшуге дайындығын бағалаудың жаһандық бағдарламасын іске қосуда

2025 жылғы 26 қараша, Астана – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (ҚР ЖИжЦДМ) «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (NITEC) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен (БҰҰДБ) бірлесіп, Қазақстанның мемлекеттік органдарының ашық бастапқы кодқа көшуге дайындығын бағалау бағдарламасын (OSPORA) іске қосты.

NITEC ұлттық суперкомпьютер Alem.Cloud ресурстарын қолдану үшін арналған өтінім беру платформасын іске қосты

NITEC ұлттық суперкомпьютер Alem.Cloud ресурстарын қолдану үшін арналған өтінім беру платформасын іске қосты

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп Alem.Cloud платформасын таныстырды. Бұл платформа ұлттық суперкомпьютер кластерінің ресурстарын пайдалану үшін өтінім беруге арналған. Alem.Cloud суперкомпьютері әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің TOP500 рейтингіне енген және 86-орынды иеленіп, өңірдегі алдыңғы қатарлы есептеу орталықтарының бірінің мәртебесін растайды.