«WSIS Project Prizes 2016»
Компанияның Деректер орталықтары үздік жоба атанған – «МО хостингінің қызметтерін көрсету үшін серверлік интернет-платформасын құру» жобасы, марапаттауы Женева, Швейцария қалаларында өткен, ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейлі Дүниежүзілік кездесу Форумы шеңберінде, WSIS Project Prizes 2016 халықаралық байқауының «Ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылым» санатында бірінші орынды иеленді. Бұл жеңіс мемлекеттік органдарға көрсетілетін хостинг, жабдықтарды орналастыру, инфрақұрылымды, бағдарламалық қамтылымды жалдау және бағдарламалық-аппараттық кешеніне жүйелік-техникалық қызмет көрсету қызметтерінің сапасы жоғарғы деңгейде екенін дәлелдеді. Халықаралық байқауға қатысқан жоба, Қазақстан Республикасының электрондық үкіметін дамыту үшін инфрақұрылымдық алаң болып табылады.
Аталған байқауда «Ашық деректер» жобасы «WSIS чемпиондары» номинациясына түсті – оған ең көп дауыс берілді және ол WSIS сараптау тобының мүшелерінен ең жақсы шолудың біріне ие болды; Бірыңғай байланыс орталығы 1414 «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізіндегі қосымша: электрондық үкімет» санатында жеңіске жетті.