Басқарма
БАЯН ҚАЙРАТҰЛЫ ҚОҢЫРБАЕВ
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Басқарма төрағасы
БАЯН ҚАЙРАТҰЛЫ ҚОҢЫРБАЕВ
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Басқарма төрағасы
Баян Қайратұлы Қоңырбаев 1986 жылғы 27 тамызда туған, Алматы қаласының тумасы.
Білімі:
2008 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша, 2011 жылы — Цинхуа университетін «Менеджмент және инженерия» мамандығы бойынша, 2017 жылы — «Қолданбалы бизнес-зерттеулер» бағыты бойынша Швейцария бизнес мектебін бітірген.
2019 жылы АҚШ-тың Массачусетс технологиялық институтында (MIT) Цифрлық трансформация (Платформа стратегиясы, ЖИ, Блокчейн, Бұлтты аналитика, Киберқауіпсіздік) бойынша оқудан өтті.
АҚШ-тың CP3P-E (Charter holder, APMG) сертификатталған мемлекеттік-жекеменшік маманы.
Соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі:
2017 жылғы наурыз айынан бастап 2018 жылғы қаңтар айына дейін – «Bright Oceans Corporation Group» жобаларды сату бөлімінің аға басшысы.
2018 жылғы қаңтардан 2018 жылғы мамырға дейін – «HY-Tencent ai Lab» халықаралық департаменті директорының орынбасары.
2018 жылғы қаңтардан 2019 жылғы қыркүйекке дейін – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Бизнесті трансформациялау департаментінің менеджері, директоры.
2019 жылдың қыркүйегінен 2023 жылғы тамызға дейін – Алматы қаласы әкімдігінің Цифрландыру басқармасының басшысы.
2023 жылғы тамыздан 2024 жылғы қыркүйекке дейін – «Цифрлық сауда дәлізі» АҚ технологиялар жөніндегі бас директоры, Сингапур теңіз портының компаниялар тобының мүшесі.
2024 жылғы қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытта - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Басқарма төрағасы.
Қосымша жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелік: жоқ.
Қоғамның акцияларын иелену: жоқ.
Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.
МУН ДМИТРИЙ АНДРЕЕВИЧ
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы
МУН ДМИТРИЙ АНДРЕЕВИЧ
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы
Туған жылы мен күні:2 апреля 1991 года.
Азаматтығы:Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі:
2014 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Қолданбалы математика және информатика» мамандығы бойынша бітірген.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі:
2014 жылғы тамыз - 2017 жылғы қыркүйек аралығы – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да, «Қазпошта» АҚ-да жұмыс істеді;
2017 жылғы қыркүйек - 2018 жылғы қараша аралығы – ҚР прокуратурасының лейтенанты, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Аналитикалық бөлімінің бастығы;
2019 жылғы қазан - 2023 жылғы тамыз аралығы - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да инженер-бағдарламашы, жоба жетекшісі, Big Data жөніндегі басқарушы директор;
2023 жылғы тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
Қосымша жұмысы және Директорлар кеңесінде мүшелік: жоқ.
Қоғамның акцияларын иелену: жоқ.
Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.
ӘШІРБЕКОВ САЯН МЕЙРАМҰЛЫ
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
Әшірбеков Саян Мейрамұлы
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
Туған жылы мен күні: 1989 жылғы 21 ақпан.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі:
2011 жылы Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірген.
2019 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бітірген.
2013 жылы АҚШ-та Лос-Анджелес қаласындағы UCLA Extension-де оқып, Systems Analysis сертификатын алған.
2022 жылы Назарбаев Университетінде Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған.
Соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі:
2016 жылғы наурыз - 2018 жылғы тамыз – «Транстелеком» АҚ-да Техникалық сарапшы және Жоба менеджері.
2018 жылғы тамыз айынан бастап – «Транстелеком» АҚ-ның Шымкент қаласы, Түркістан және Қызылорда облыстары бойынша филиалының басқарушы директоры.
2022 жылғы қазан - желтоқсан айларында - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Өңірлік өкілдіктерімен жұмыс істеу жөніндегі басқарушы директор.
2022 жылғы желтоқсан айынан бастап осы уақытқа дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
Қосымша жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелік: жоқ.
Қоғамның акцияларын иелену: жоқ.
Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.
ОРАЗАЛИМОВ ШЫҢҒЫС АЙДАРБЕКҰЛЫ
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
Оразалимов Шыңғыс Айдарбекұлы
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
Туған жылы мен күні: 1994 жылғы 23 қаңтар.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі:
2015 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген.
2017 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі:
2014 жылғы қараша - 2019 жылғы маусым аралығы – «Smart Digital Consulting» ЖШС, «KulanOil» ЖШС, «Қазпошта» АҚ-да, «Самрук Казына Контракт» ЖШС, «Астана халықаралық қаржы орталығы» АҚ-ның Финтех Хабында және «Toolpar» ЖШС-да жұмыс істеді;
2019 жылғы шілде - 2021 жылғы қаңтар аралығы – «BTS Digital» ЖШС-ның өнім менеджері;
2022 жылғы қаңтар - тамыз аралығы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Стратегиялық даму аппараты департаментінің директоры, Фронт-офистерді үйлестіру департаментінің директоры, Цифрландыру жөніндегі офис жобасының басшысы;
2022 жылғы тамыз - 2023 жылғы маусым аралығы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма аппаратының IT жөніндегі басқарушы директоры ;
2023 жылғы маусым - 2024 жылғы сәуір аралығы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
2024 жылғы шілде айынан бастап осы уақытқа дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Қосымша жұмысы және Директорлар кеңесінде мүшелік: жоқ.
Қоғамның акцияларын иелену: жоқ.
Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.