АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) eGov Mobile мобильді қосымшасы қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлайды.
Алайда, электронды үкімет порталының жүктемесінің жоғарылауына байланысты, eGov.kz уақытша қолжетімсіз болып отыр.
Осы себепті, пайдаланушылар eGov.kz порталының қолжетімсіздігіне тап болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта «ҰАТ» АҚ мамандары порталдың толық жұмыс істеуін қалпына келтіру үшін қажетті шараларды қабылдауда. Жұмыстар жақын арада аяқталады деп күтілуде.
Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтарында кейбір қызметтердің уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін екендігін хабарлаймыз.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.