Ақпараттық хабарлама
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2019 жылғы 21 наурыздың сағат 14:00-ден бастап 23 наурыздың 23:00-ге дейін Мемлекеттік органдардың серверлік орталығында орналасқан телекоммуникациялық жабдықтарда жоспарлы жұмыстардың жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.
Осыған байланысты келесі интернет ресурстар қолжетімсіз болады:
- «Электрондық үкімет» порталы»;
- «Электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі;
- «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі;
- «Мобильді үкімет» қосымшасы;
- «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
- «Техбайқау» міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;
- «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры;
- «Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнімі;
- «Монополист» базасы сервистік бағдарламалық өнімі;
- Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайты.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының сайты.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!