Skip to main content

Ақпараттық хабарлама

12.05.2020 жылы мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында, оның ішінде eGov.kz портал, «Е-лицензиялау»  және «Электрондық үкіметтің» барлық компоненттерінде проблемалар тіркелді.

ҚР ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметімен бірлескен жедел жүргізілген жұмыс мемлекеттік сектордың интернет ресурстарына қатысты мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының интернет-ресурстарының қолжетімділігіне байланысты проблемаларға алып келген шетелдік интернет сегментінен бөлінген DDoS-шабуыл тіркелгендігін көрсетті.

Шабуыл Қазақстандық интернет сегментінің интернет-ресурстарына әлемнің 48 елінен 550-ден астам IP-мекенжайлардан жүргізілді.

Ағымдағы кезеңде ресурстардың жұмысына шабуылдың әсерін азайту және оны толық бұғаттау бойынша шаралар қабылдануда.

Бұл дербес деректердің компрометациясы анықталмағанын қосымша хабарлаймыз.