Ақпараттық хабарлама
12.05.2020 жылы мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында, оның ішінде eGov.kz портал, «Е-лицензиялау» және «Электрондық үкіметтің» барлық компоненттерінде проблемалар тіркелді.
ҚР ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметімен бірлескен жедел жүргізілген жұмыс мемлекеттік сектордың интернет ресурстарына қатысты мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының интернет-ресурстарының қолжетімділігіне байланысты проблемаларға алып келген шетелдік интернет сегментінен бөлінген DDoS-шабуыл тіркелгендігін көрсетті.
Шабуыл Қазақстандық интернет сегментінің интернет-ресурстарына әлемнің 48 елінен 550-ден астам IP-мекенжайлардан жүргізілді.
Ағымдағы кезеңде ресурстардың жұмысына шабуылдың әсерін азайту және оны толық бұғаттау бойынша шаралар қабылдануда.
Бұл дербес деректердің компрометациясы анықталмағанын қосымша хабарлаймыз.