«Ашық деректер» порталында жаңа деректер жиынтығы жарияланды
12.09.2018 г., «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Ашық үкімет» (Open.egov.kz) порталының құрамдас бөлігі болып табылатын «Ашық деректер» порталында (data.egov.kz) қоғамдық көлік туралы деректер жиынтығын қосқаны туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен енді азаматтарнақты уақыт режимінде Астана қаласындағы маршруттық автобустардың қозғалысы жөнінде ақпарат ала алады.
Сонымен қатар, «Астана LRT» ЖШС ұсынған осы деректер негізінде, әзірлеушілер өнім жасап және болашақта оны тиімді жүзеге асыра алатын болады.
Сізге қажетті ақпаратты жүктеу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://data.egov.kz/datasets/view?index=avtobustardyn_osy_uakyttagy_ko
«Ашық деректер» порталы орталық және жергілікті атқарушы органдар жалпы қолжетімді ақпаратты орналастыратын алаң болып табылады.
«Ашық деректер» порталының мақсаты мемлекеттік органдардың барлық ақпараты шексіз архивтерде жинақталып және сақталып тұрмайтындай оны жалпыға ашық қолжетімді орналастыру болып табылады.
Алынған деректердің көмегімен кез келген ниет білдіруші қандай да бір талдау жасай алады немесе оны өз жұмыстарында қолданады.
Ашық деректердің барлық жиынтықтары машинада оқылатын форматта орналастырылатынын және API-да қолжетімді екенін, ол қосымшалар мен сервистерді әзірлеу үшін ыңғайлы болып табылатынын айта кету керек.