Skip to main content

«Ашық НҚА» порталында деректерді кеңінен іздеу және оны реттеу іске асырылды

03.04.19 ж., "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ "Ашық НҚА" компонентінің жаңартылуы туралы хабарлайды (https://legalacts.egov.kz/ ).

«Ашық үкімет» компоненті – «Ашық НҚА» порталы қоғамдық талқылау және ескертулер мен ұсыныстарды пысықтау үшін ашық заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен НҚА жобалары бойынша түсініктемелер жинау және түсініктемелерге жауаптар қалыптастыру түрінде ақпаратты қамтиды.

Пайдаланушылардың қажетті ақпаратты іздеуін, сұрыптауын, реттеуін оңайлату мақсатында «Ашық НҚА» порталында қажетті параметрлер бойынша реттеуіштерді пайдалана отырып, кеңейтілген іздестіруді жүзеге асыру мүмкіндігі іске асырылды.

Кеңейтілген іздестіру көмегімен қажетті ақпаратты іздеуге болады, бұл өз кезегінде іздестіру сұрауын нақтылауға мүмкіндік береді, атап айтқанда, НҚА түрі, мәртебесі, әзірлеуші мемлекеттік орган, НҚА жобаларын жариялау санаты және кезеңі бойынша іздестіруді шектеуге мүмкіндік береді.

Анықтама:

"Ашық НҚА" порталында 38000 астам НҚА жобалары жарияланды.

* * * * *

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ – «Электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымы мен мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ  орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, МО деректер қорындағы  ақпараттың  қауіпсіз сақталуына  жауап береді. Халықпен, яғни клиенттермен  қызмет бұл – “Электрондық үкімет» (egov.kz) және «Ашық үкімет» (open.egov.kz) порталдары, mGov.kz қосымшасы, телеграм бот @EgovKzBot, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығы.

Қосымша ақпарат үшін:

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

Қазақстан Республикасы, Астана қ. Д. Қонаев к., 12/1.

т.: +7-7172-740596

www.nitec.kz