Skip to main content

Digital Bridge 2025 форумы аясында Astana International University (AIU) және NITEC өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жасанды интеллект технологияларын дамыту мақсатында қол қойылған бұл құжат аясында тараптар Қазақстанның цифрлық кеңістігінде жасанды интеллектті қолдану аясын кеңейту бойынша белсенді өзара іс-қимыл жүргізетін болады.

Бастапқы кезеңде NITEC AIU студенттеріне жасанды интеллект саласында кәсіби тәжірибеден өту, практикалық дағдыларды меңгеру және білімін жетілдіру мүмкіндігін береді. Болашақта ең үздік түлектер компанияда жұмысқа орналаса алады. Бұл жастарға Қазақстандағы цифрлық технологиялардың дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, меморандум аясында тараптар:
- болашақ мамандардың құзыреттерін арттыру үшін дуалды оқыту мен тағылымдамалар тетіктерін енгізу;
- бірлескен семинарлар, конференциялар мен жобалар арқылы тәжірибе және білім алмасу;
- бағдарламалық жасақтама мен IT-жүйелерді әзірлеу саласында ынтымақтасу;
- білім беру және ғылыми бастамаларды іске асыру үшін бірлескен жұмыс топтары мен комиссиялар құруды жоспарлап отыр.

Меморандумға қол қойылуы қазақстандық студенттерге жетекші мемлекеттік IT-компанияда практикалық дағдыларды игеруге және баға жетпес тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Жастар тек теориялық білімін нығайтып қана қоймай, нарықта сұранысқа ие нақты цифрлық шешімдермен жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Өз кезегінде, университетпен серіктестік NITEC үшін жасанды интеллект, үлкен деректер және цифрлық сервистер саласында заманауи құзыреттерге ие жас мамандарды даярлауға жол ашады. Бұл бастама Мемлекет басшысының ұлттық IT-экожүйе мен цифрлық экономиканы дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес келеді.

Аталған ынтымақтастық AIU тарапынан Digital Kazakhstan мемлекеттік стратегиясын іске асыруға қосқан үлес болып табылады және еліміздің болашақ технологияларын дамытудағы позициясын нығайтады.