Skip to main content

eGov mobile-да тұрғылықты жер бойынша тіркеуден қалай өтуге болады?

1414 нөмірінен хабарлама: Сізде тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркеу жоқ ...

Егер де Сіз 1414 нөмірінен осындай хабарлама алсаңыз, eGov Mobile мобильді қосымшасында немесе eGov.kz порталындағы «Жеке кабинетте» тіркеудің бар-жоғын тексеруді сұраймыз.

Хабарламаны алғаннан кейін eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Мекен-жайы» бөлімінде тіркеуді тексеру қажет. Егер «Мекен-жайы» бөлімінде тіркелу мекен-жайы пайда болмаса, тұрғылықты жеріңіз бойынша келесі сілтеме арқылы тіркелу керек: https://egovmobile.page.link/P4008 немесе eGov.kz порталы арқылы тіркеліңіз.

«Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін хабарламаның өзінде көрсетілген сілтеме бойынша тіркеуден өтуге болады. Енді мұны eGov Mobile мобильді қосымшасының көмегімен жасауға болады, ол үшін қолыңызда тек смартфон болуы жеткілікті. Бұл қызмет қазақстандықтар арасында танымал, биыл ғана eGov.kz порталы арқылы 600 мыңнан астам адам және 80 мыңға жуық қазақстандық eGov Mobile арқылы тіркелді»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден өту үшін SMS хабарламадағы сілтеме бойынша өту керек немесе осы нұсқаулық бойынша өту қажет:

  • мобильді қосымшада авторизациядан өтіңіз;
  • «қызметтер» бөлімін таңдаңыз;
  • «Жылжымайтын мүлік және ТКШ» бөлімінде «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» қызметін таңдаңыз;
  • келу мақсатыңызды, Қоғамдық санатты, білім деңгейін және басқа да деректерді толтырыңыз;
  • тұрғын үйге меншік құқығын таңдаңыз (егер сіз тұрғын үй иесі болсаңыз, мекен-жайдың тіркеу кодын енгізіңіз немесе сіздің үйіңіздің орналасқан жерін көрсетіңіз);
  • егер сіз тұрғын үй иесі болмасаңыз, меншік иесінің ЖСН/БСН енгізіп, тіркеу мекенжайын көрсетіңіз;
  • өтінімге қол қойыңыз;
  • меншік иесі жеке кабинетте хабарлама алады. Кейін өтінімді растайды немесе кері қайтарады.

Өтінімді меншік иесі растағаннан кейін қызмет нәтижесі 15 минут ішінде пайда болады.

Сондай ақ порталда тіркелуге болады eGov.kz «Азаматтық, миграция және иммиграция" – "Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау" бөлімінде порталдағы қызмет «Тұрғылықты жері бойынша тіркеу» деп аталады. Сәтті тіркелу үшін eGov.kz порталда "жеке кабинетте" тұрғын үй иесі өтінімді растау қажет.

Тұрғын үй иесі уақытша тіркеуден бас тартқан жағдайда жақын маңдағы ХҚКО-ның көші-қон қызметіне жүгіну керек.

Айта кеткен жөн, бүгінде тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін 10 күннен 1 айға дейін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, 1 айдан астам – 7 АЕК немесе 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл ("Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"ҚР Кодексінің 492-бабы) салынады.