eGov.kz порталында қате есептелген сомаларды қайтару бойынша жаңа қызметтер қолжетімді
Қате есептелген қаражатты қайтару үшін жұмыс беруші eGov.kz порталында өтініш беру керек. Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарының қате есептелген сомаларын қайтару бойынша жаңа қызметтер жеке кәсіпкерлер болып табылатын заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі.
Соманы қайтару туралы өтінішті Порталда жұмыс берушінің өзі ақша кате есептелген қызметкерлердің атына жібереді. Міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтару үшін бір өтініште тек 10 қызметкерге дейін бере алады. Егер сома одан да көп адамдарға түскен болса, онда тағы біреуін толтыру керек.
Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтару бойынша өтініш беру процесі ұқсас, бірақ бұл қызметте өтініш беруші бір уақытта 20 қызметкерге дейін өтініш бере алады.
«Қате аударымдар немесе МЗЖ мен ӘА сомасын қате аудару фактілері жиі кездеседі. Бұған дейін бұл қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Орталық филиалы арқылы қағаз түрінде көрсетілген, алайда өңірлерде қазақстандықтар үшін мұндай мүмкіндік болған жоқ, ол кезде құжаттарды курьерлік қызметтер арқылы жіберіп бір айға дейін жауап күту керек болды. Осындай факторларды ескере отырып, біз ҚР Еңбек министрлігімен бірлесіп бұл қызметті онлайн форматқа ауыстырдық және ақшаны қайтару рәсімін әлдеқайда жеңілдеттік»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Жаңа қызметтер «Азаматтарға» - «Әлеуметтік қамтамасыз ету» - «Зейнетақымен қатамасыз ету» бөлімінде қолжетімді. Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомасын қайтаруға өтініш беру үшін пайдалушыға:
- авторизациядан өту қажет;
- жұмыс берушінің БСК мен ЖСК енгізу керек;
- «Төлем тапсырмасының деректемелерін» көрсету керек;
- көрсетілген деректерді тексеру;
- қайтаруды жүзеге асыратын қызметкерлерді таңдау;
- қайтару сомасын және қайтару себебін көрсету;
- «Ақша қаражатын қайтаруға арналған деректемелерді» көрсету;
- таңдалған қызметкерлерге келісу туралы өтініш жіберу керек.
Қызметкерлерге (соманы қате есептегендерге) eGov.kz порталының жеке кабинетінде өтінімге келісім беріп, қол қою қажет. Содан кейін өтініш берушіге мәртебелік бетте өтінімге қол қойып, өтінішті өңдеу нәтижесін күту керек.
Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтаруға өтінім беру шарттары бірдей, тек бұл қызметте қызметкердің келісімі талап етілмейді және қайтару себебіне байланысты құжаттарды жүктеу міндеттеледі.
Қызметтердің нәтижесі eGov.kz порталының мәртебелік бетінде және жеке кабинетінде Хабарлама түрінде қолжетімді болады.
Қаражатты қайтару міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу (есептеу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне және әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды қайтаруды жүзеге асыру қағидалары мен жағдайларына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Анықтама үшін:
Айта кетейік, бұл жаңартулар ҚР Президенті бюрократиядан арылту жөніндегі Жарлығы аясында жүзеге асырылды, оның негізгі мәні цифрлық трансформация және мемлекеттік басқарудың барлық салаларының жүйелі реинжиниринг болып табылады.
Қызметтер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелерді біріктіру арқылы жүзеге асты.