Skip to main content

EGov.kz порталының жаңа дизайны дауыс беруге қолжетімді

10.09.2018 ж., «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ eGov.kz порталының қайта жаңартылғаны туралы хабарлайды.

Алдыңғы дизайн 2012 жылы әзірленген болатын және бүгінгі күннің талаптарына сай емес.

ҚР вице-премьері Жұмағалиев А.Қ. және Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Абаев Д.Ә.,тапсырмалары бойынша, біз бірқатар жұмыстарды атқардық, нәтижесінде басты бет интерфейсі және порталдың ішкі бөлімдерінің екі нұсқасын дайындадық.

Жүйенің жаңартылуының екі нұсқасыда жалпыға бірдей дауыс беру құқығы үшін ашық қолжетімділікке ие болады, ол 15 күнтізбелік күнге дейін жалғасады. Пайдаланушылар өздері қарап оқып, ұнаған нұсқаға дауыстарын бере алады.

Дауыс беру нәтижелері бойынша үздік нұсқа eGov.kz порталының соңғы нұсқасы ретінде жұмысқа қабылданады.

Дауыс беру бетіне сілтеме https://egov.kz/cms/kk/articles/redesign-voting

Анықтама:

Егер 2016 жылдың соңында тіркелген пайдаланушылар саны 4,8 миллион болса, ал бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 7,8 млн.асып отыр.

Орташа алғанда, күн сайын 5 741 азаматтарға қызмет көрсетіледі, күнделікті төлемдердің орташалап алғанда 50 млн.теңгені құрайды, бұл айына шамамен (5 872) 6 мың транзакция.

Күнделікті порталға шамамен 55мың адам кіреді, айына 1,6 миллионнан астам адам кіреді.