Skip to main content

Қазақстанда мемлекеттік органдар үшін бірінші Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы ашылды

07.03.2019 ж., «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ компания негізінде Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығын (бұдан әрі - АЖҚО) құруға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде №072 мемлекеттік лицензия алғаны туралы хабарлайды.

«Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасын жүзеге асыруға тағы бір қадам жасалды. «ҰАТ» АҚ жедел орталығын құру елдің ұлттық цифрлық кеңістігінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге кешенді тәсілді қалыптастыруға ықпал ететін болады», - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Енді интернет-ресурстарға, ақпараттық жүйелерге және «электрондық үкіметтің» ИК-инфрақұрылымының басқа да объектілеріне қатысты «ҰАТ» АҚ АҚЖО мынадай функцияларын орындайтын болады:

- Ақпараттық қауіпсіздік қауіп-қатерлерін анықтау, бағалау, болжау, оқшаулау, бейтараптандыру және алдын алу;

- Ақпараттық қауіпсіздік қауіп-қатерлерін анықтау, жол бермеу және тергеу бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі;

- Ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен жағдайлары туралы мәліметтерді жинау, топтастыру, талдау және сақтау;

- Ақпараттық қауіпсіздік қамтамасыз ету үшін, меншік иелеріне немесе иеленушілерге, оның ішінде қауіпсіздік қатерлері, бағдарламалық қамтамасыз етудің, жабдықтар мен технологиялардың осалдықтары, қатерлерін іске асыру тәсілдері, оқыс оқиғаларының пайда болу алғышарттары, сондай-ақ олардың алдын алу және салдарларын жою әдістері туралы ақпарат беру;

- Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының «электрондық үкімет» мониторинг орталығына Ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын журналдау жүйесін қосу.

* * * * *

«ҰАТ» АҚ – «электрондық үкімет» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және МО бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және аймақтық МО ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. МО деректер қорында ақпаратты қауіпсіз сақтау үшін жауап береді. Халықпен, яғни клиенттермен қызмет бұл – «Электрондық үкімет» (egov.kz) және «Ашық үкімет» (open.egov.kz) порталдары, mGov.kz қосымшасы, телеграм бот @EgovKzBot, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығы.

Қосымша ақпарат алу үшін:

«Ұлттық ақпараттық технологиялар»  АҚ

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Д. Қонаев к., 12/1

т.: +7-7172-740596 www.nitec.kz

www.nitec.kz