Skip to main content

Хабарландыру 16.07.2021

ХАБАРЛАНДЫРУ!

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) ақысыз негізде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Жұмыс тобының 2021 жылғы 25 маусымда өткен отырысының № 1 шешімімен Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 11 (он бір) мүше санында белгіленді, олардың 3-уі - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның (бұдан әрі – «ҰАТ» АҚ) қызметкері.

8 адамнан тұратын Қоғамдық кеңестің қалған құрамы конкурстық негізде азаматтық қоғам қатарынан немесе өзін-өзі ұсынған азаматтар ішінен сайланатын болады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері осы хабарландыру орналастырылған күннен бастап он жұмыс күн ішіндеқолма-қол немесе төменде көрсетілген электрондық мекенжайға төмендегі құжаттарды жолдайды:

1) Қоғамдық кеңестің құрамына үміткерді ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың еркін нысанда жасалған өтініші;

2) үміткердің өмірбаян деректерін көрсетумен кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (толтыру үлгісі қоса беріліп отыр);

3) сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің құжаттары galiya.shynggaliyeva@nitec.kz электрондық мекенжайына жолданады. Хат тақырыбында «ҰАТ» АҚ-ның Қоғамдық кеңесінің мүшесі» деп көрсетуді сұраймыз.

Пошталық мекенжай: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15.

Байланыс телефоны: +7 7172 701665 (ішкі6358).