Skip to main content

Көлік құралдарын тіркеуге өтінімді үйден шықпай-ақ беруге болады

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» egov.kz-порталында көлік құралын тіркеуге электрондық өтінім беру көрсетілетін қызметтерін іске қосу туралы хабарлайды.

Бұрын көлік құралын сатушы және сатып алушы осы қызметті көрсетуге өтінім беру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бөлімшесі - фронт-офиске (ХҚКО, Арнайы ХҚКО) бір уақытта барлық қажетті құжаттарымен баруы қажет болғанын еске салсақ, бұл қаншама қолайсыздық тудырғаны белгілі. Енді азаматтарда үйден шықпай-ақ, онлайн режимінде өтініш беруге мүмкіндік пайда болды.

Процедура қалай жеңілдетілді?

 

Көлік құралын (бұдан әрі - КҚ) сатушы порталда авторизацияланады, «Көлік және коммуникация» бөліміне ауысады және «Көлік құралының тіркеу үшін электрондық өтініш беру» деген қызметті таңдайды. Қажетті көлік құралының тізімін анықтайды, алаңды толтырады және өзінің электрондық қолтаңбасын пайдалана отырып, қол қояды. Онлайн қызметі сатушының барлық айыппұлдары мен салықтарын толық төлеуді, өзекті техникалық қарап тексеру болуын талап етенін ескеріңіз.

Осыдан кейін, көлік сатып алушы порталының жеке кабинетіне, ол өтініммен таныса алады және  танысты сұрау салуға өтуіне болады деген хабарлама келеді.

Егер сатып алушы мәмілеге келісім берген жағдайда, ол төленбеген айыппұлдар мен салық берешегін болуына тексерілетін келесі қадамға барады.

Сонан соң сатып алушы мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің (бұдан әрі – МТНБ) алу орны мен нысанын таңдайды, кейін төлем (МТНБ беру үшін, көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің дайындығы, тіркеу жарнасы үшін) жасайды, содан кейін электрондық цифрлы қолтаңбасымен қол қою арқылы өтінішін растайды.

Сондай-ақ, осы кезеңде, сатып алушының жай немесе жоғары сұранысқа ие МТНБ таңдауға мүмкіндігі болады. Бекітілген өтінім Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне орындау үшін  жіберіледі.

КҚ Сатушы мен сатып алушы қызметтердің орындалуынан кейін МТНБ көлік тіркеу куәлігінің және КҚ туралы мәміленің электрондық нысандағы құжат дайындығы туралы хабарлама алады.

Осы қызметтің көрсетілуін аяқтау үшін сатып алушы қызметті ресімдеу кезінде көрсетілген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бөлімшесі арнайы ХҚКО орталыққа барады. Тіркеу процесі аяқталғанға дейін көлік құралын пайдалануға тыйым салынады.

Сатып алушыларда МТНБ мен құжаттарды үйге жеткізуге тапсырыс беруге мүмкіндігі бар екенін атап өткен жөн, яғни, Арнайы ХҚКО келместен құжаттарды қабылдай алады. Бұл әрекетті орындау  үшін, «Қазпошта» АҚ курьері арқылы жүзеге асырылатын жеткізу мекенжайын өтініште көрсетуіңіз керек. Курьерге жеткізу ақысын төлеу жеткізу сәтінде қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады.

Портал арқылы көрсетілетін қызметтерді алу кезінде сұрақтар туындаған жағдайда, пайдаланушы қоңырау шалу тегін болатын, азаматтарға тәулік бойы консультация 1414 нөмірі арқылы бірыңғай байланыс орталығына жүгінуіне болатынын естеріңізге сала кетейік.