ҚР әскери қызметшілері смартфонның көмегімен қызметтік баспанасын жалдау шартын жасай алады
ҚР Қарулы күштерінің қызметкерлері енді eGov Mobile көмегімен жаңа немесе қолданыстағы қызметтік баспананы жалдау шартын ұзарта алады.
Егер бұрын әскери қызметшілер құжаттарды қағаз тасымалдағыштарда жинап, кезекте тұрған болса, енді шарт жасау көрсетілетін қызметі eGov Mobile қосымшасы орнатылған кез келген смартфоннан қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті алу үшін сізге:
- қосымшаға кіріп, «Көрсетілетін қызметтер» қосымша бетіне өтіңіз;
- «Әскери есеп» бөлімін таңдау;
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік баспансын жалға алу шартын жасау және ұзарту» көрсетілетін қызметтер тізбесінен табу;
- барлық қажетті алаңдардытолтырыңыз және файлдарды жүктеп алыңыз;
- дербес деректерді өңдеуге келісім беру, «Қол қоюға өту» батырмасын басу. Қол қою жылдам қол жеткізу кодын немесе биометрияны енгізу арқылы жасалады.
Көрсетілетін қызмет Egov электрондық үкімет порталында дербес компьютерлерден де қолжетімді.