Мемлекеттік баждарды, алымдарды төлеу және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі есепшотты толықтыру ЭЦҚ-сыз қолжетімді
«ҰАТ» АҚ www.egov.kz электрондық үкімет порталындағы авторизацияланбаған пайдаланушылар үшін 38 сервистің іске қосылғандығы туралы хабарлайды.
Мемлекеттік баждарды, алымдарды төлеу, сонымен қатар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ғы депозиттік/кредиттік есепшотты толықтыру сервистері азаматтар үшін цифрлық қолдаңбасыз қолжетімді.
Азаматтарға арналған атаулы мүмкіндік ҚР Премьер - Министрінің орынбасары А.Жұмағалиевтің төлеу сервистерін жеңілдету және оңтайландыру тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды.
Сервис қай жерде орналасқан?
Еgov.kz порталының басты бетінде «Азаматтар үшін онлайн қызметтер бір тізімде» батырмасын шертіп, «Төлемдер» тізімінен қажетті төлем түрін таңдап және «онлайн төлеу» батырмасын шерту керек.
Қандай сервистер авторизациясыз қолжетімді?
1) Паспорт алу үшін мемлекеттік баж салығы;
2) Жеке куәлік алу үшін мемлекеттік баж салығы;
3) Ұялы байланыс қызметі үшін төлем;
4) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы депозиттік/несиелік шотты толықтыру;
5) Әкелікті белгілеу туралы қайталама куәлік беру үшін мемлекеттік баж салығы;
6) Ұл/қыз асырап алу туралы қайталама куәлік беру үшін мемлекеттік баж салығы;
7) Неке қию туралы қайталама куәлік беру үшін мемлекеттік баж салығы;
8) Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуі туралы қайталама куәлік беру үшін мемлекеттік баж салығы;
9) Туу туралы қайталама куәлік беру үшін мемлекеттік баж салығы;
10) Неке қию туралы куәлік беру үшін мемлекеттік баж салығы;
11) Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік беру үшін мемлекеттік баж салығы;
12) Неке қиюды бұзу туралы куәлік беру үшін мемлекеттік баж салығы;
13) Неке қию туралы анықтама алу үшін мемлекеттік баж салығы;
14) Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы анықтама алу үшін мемлекеттік баж салығы;
15) Некені бұзу туралы анықтама беру үшін мемлекеттік баж салығы;
16) Туу туралы анықтама алу үшін мемлекеттік баж салығы;
17) Қайтыс болу туралы анықтама алу үшін мемлекеттік баж салығы;
18) Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру үшін мемлекеттік баж салығы;
19) Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – меншік құқығы пайда болуын тіркеу, сенімгерлікпен басқару, рента, көп пәтерлі тұрғын үйді (шаруашылық үй-жайлары мен осы секілді объектілер) пайдалану (сервитуттардан басқа), тұрғын үйлердегі тұрғын үй емес үй-жайлар, түрғын үй емес құрылыстар, тұрғын үй мақсатындағы емес мүліктік кешендер құрылысы құқықтарын тіркеу үшін мемлекеттік алым;
20) Гараждарға - меншік, шаруашылық жүргізу, шұғыл басқару, сенімгерлікпен басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа), құқықтарды тіркеу үшін мемлекеттік алым;
21) Бір объектіден тұратын туындаған меншік, шаруашылық жүргізу, шұғыл басқару, сенімгерлікпен басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа), тұрғын емес мүліктік кешендерге (үйлер, құрылыстар, ғимараттар) туындаған меншіктік құқықтарды тіркеуге мемлекеттік алым;
22) Алты объектіден он объектіге дейін объектілерден тұратын туындаған меншік, шаруашылық жүргізу, шұғыл басқару, сенімгерлікпен басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа), тұрғын емес мүліктік кешендерге (ғимараттар, құрылыстар, ғимараттар) туындаған құқықтарды тіркеу үшін мемлекеттік алым;
23) Оннан артық объектіге дейін объектілерден тұратын туындаған меншік, шаруашылық жүргізу, шұғыл басқару, сенімгерлікпен басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа), тұрғын емес мүліктік кешендерге (ғимараттар, құрылыстар, ғимараттар) құқықтарды тіркеу үшін мемлекеттік алым;
24) Пәтерге, жеке тұрғын үйге, шаруашылық үй-жайларына (шаруашылық үй-жайлары мен өзге осы секілді объектілер) туындаған меншік, шаруашылық жүргізу, шұғыл басқару, сенімгерлікпен басқару, кепіл, рента, құқықтарды тіркеу үшін мемлекеттік алым;
25) Көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық үй-жайлары мен өзге осы секілді объектілер), тұрғын үйдегі тұрғын үй емес үй-жайына, тұрғын үй емес құрылысына туындаған меншік, шаруашылық жүргізу, шұғыл басқару, сенімгерлікпен басқару, кепіл, рента, құқықтарды тіркеу үшін мемлекеттік алым;
26) Ипотекалық куәлікті беруді және кейін оның өзге иелерге берілуін тіркеу үшін мемлекеттік алым;
27) Жылжымайтын мүлік объектісінің құқық иеленушісі деректерінің, сәйкестендіру сипаттамасының өзгертілуін тіркеу үшін мемлекеттік алым;
28) Құқықтың (ауыртпалық құқығы) немесе өзге заңды деректердің пайда болуына негіз болып табылатын шарт талаптарының өзгеруі нәтижесінде құқықтардың өзгеруін немесе құқықтар ауыртпалығын тіркеу үшін мемлекеттік алым;
29) Кондоминиум объектісін тіркеу үшін мемлекеттік алым;
30) Меншік иесі, жерді пайдалану, жер учаскесіне өзге құқықтарды (құқықтар ауыртпалығын) тіркеу үшін мемлекеттік алым;
31) Үшінші тұлғаға өтуіне қатысы жоқ, ауыртпалықтың тоқтатылуын тіркеу, оның ішінде жылжымайтын мүлік ипотекасын тоқтатуды тіркеу үшін мемлекеттік алым;
32) Жылжымайтын мүліктің жойылуына (зақымдалуына) байланысты және құқықтың өтуіне байланысты емес өзге жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықтардың тоқтатылуын тіркеу үшін мемлекеттік алым;
33) Сервитутты (объектіге тәуелсіз) тіркеу үшін мемлекеттік алым;
34) Міндеттемесі ипотекамен қамтамасыз етілген банктік қарызға алу шарты бойынша талаптар құқығын беруді тіркеу үшін мемлекеттік алым;
35) Заңды талаптануларды тіркеу үшін мемлекеттік алым;
36) Жүргізуші куәлігін алу және ауыстыру үшін мемлекеттік баж;
Жылжымалы мүлік кепілін, кеме немесе салынып жатқан кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін мемлекеттік алым.