Skip to main content

Мәліметтерді түзетудің 8 жаңа сервисі eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді

Мәліметтерді түзетудің сегіз сервисі eGov.kz электрондық үкімет порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Сервистер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі қате деректерді өзектендіруге және болашақта қандай да бір кедергісіз мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді.

 

Отбасы (неке, туу, некені бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, аты-жөнін өзгерту, қайтыс болу), вакцинация паспортындағы аймақ, көлік құралдарының қате мәліметтері туралы, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі және әскери қызмет туралы мәліметтерді өзектендіріп және дұрыс емес деректер анықталған жағдайда өз мәліметтерін түзетуге болады.

Заңды тұлғаның және жылжымайтын мүлік объектілерінің атауы мен орналасқан жері туралы мәліметтер де өзектендіруге жатады.

Сондай-ақ, білім туралы мәліметтерді түзетуге, атап айтқанда, ЖОО дипломдары мен ТжКБ, аттестат деректерін өзектендіруге мүмкіндік бар.

 

          "Өздеріңіз білетіндей, азаматтың пәтері немесе автокөлігі туралы деректер мемлекеттік органдардың түрлі деректер базасында орналасқан. Оның ішінде бұл мәліметтер пайдаланушының eGov.kz және eGov Mobile жеке кабинетінде көрсетіледі. Кейбір жағдайларда бұл мәліметтер дұрыс болмауы мүмкін, сәйкесінше бұл мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігіне әсер етеді. Енді азаматтардың өмірін жеңілдету үшін біз мемлекеттік органдармен бірлесіп мәліметтерді түзетудің 8 сервисін құрдық. Мысалы, егер сізде отбасы немесе білім туралы құжаттарда дұрыс емес ақпарат болса, құжаттың түпнұсқасының фотосуретін немесе т. б. қажетті мәліметтерді қосып өтініш бере аласыз. Өтінім өңделеді және мәліметтерді тиісті мемлекеттік орган түзетеді",- деп "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин атап өтті.

 

eGov.kz порталында түзету сервистері келесі сілтемелер арқылы қол жетімді:

 

Мәліметтерді түзету үшін міндетті өрістерді толтырып, мәселені сипаттап, қажет болған жағдайда құжаттың көшірмесін тіркеп  қызметке қол қою қажет. Сондай-ақ, "Түзету қызметтері" eGov Mobile мобильді қосымшасындағы басты бетте қолжетімді.

Қызмет көрсету нәтижесі мәліметтерді өзектендіру туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап нысанында жеке кабинетке жіберіледі.