Ростислав Коняшкин "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды
Бүгін Директорлар кеңесінің шешімімен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына Ростислав Анатольевич Коняшкин тағайындалды.
Ростислав Коняшкин 1989 жылы 4 қыркүйекте Жамбыл облысында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы ММУ бітірді бітірді, математика маманы.
Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ақпараттық жүйелер магистрі дәрежесіне ие. Жобаларды басқару бойынша сертификатталған маман.
2012 жылдан 2020 жылға дейін түрлі компанияларда жұмыс істеді, оның ішінде «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ, ҚР БҒМ «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет «МК»КЕАҚ.
2020 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Мемлекеттік қызметтер мен сервистерді автоматтандыру, цифрлық құжаттар сервисін дамыту, ЭЦҚ-ны қашықтан алу, оның ішінде egov mobile мобильдік қосымшасында алу, мемлекеттік қызметтерді танымал платформаларға шығару, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру деңгейін 90% - ға дейін жеткізу, анықтамаларды қысқарту, бұлтты құжат айналымын енгізу мәселелеріне жетекшілік етті.