«ҰАТ» АҚ қызметкерлері ведомстволық наградалармен марапатталды
Бүгін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин жеке өзінің және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің атынан компания қызметкерлерін цифрландыру саласын дамытуға және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін құттықтап, марапаттады. Марапаттау кәсіби мереке – Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күніне орайластырылды.
Бас салалық награда «Үздік байланысшы» медалімен «Ашық деректер және интеграцияланған сервистерді қолдау» департаментінің директоры Нұргүл Ысқақова, Деректерді беруші желілерді пайдалану және техникалық есепке алу департаментінің директоры Ермек Жабаев, Жүйелерді сүйемелдеу және дамыту департаментінің директоры Саят Жұмабеков, АЖ сүйемелдеу басқармасының бастығы Болат Бағыбергенов, сонымен қатар Кибермониторинг және инциденттерді тергеу басқармасының бас маманы Ильдар Салихов марапатталды. 14 қызметкер Құрмет грамотасын алды, 10 маман министрдің атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Р. Коняшкин әркімге жоғары кәсібилігі мен жұмысқа жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс айтып, олар үшін мақтанышын білдірді және барлығына кәсіби жеңістер тіледі.