«ҰАТ» АҚ сыртқы аудиттен сәтті өтті
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ СМЖ/АЖБЖ бизнес-процестерініңХСИСО 9001 (СМЖ) және ИСО 20000 (АЖБЖ) талаптарына сәйкестігіне жоспарлы сыртқы аудиттен сәтті өтті. Ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылым Операторы қызметінің бизнес процестері бойынша ИСО 9001 (СМЖ) және ИСО 20000 (АЖБЖ) деген жаңа халықаралық сертификаттарға қол жеткізді.
Аталған факт «ҰАТ» АҚ мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарға АҚ-қызметтер арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен дамыту жолындағы жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік жасау миссиясын («Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2016-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы») нәтижелі әрі сапалы ұйымдастыра алатынын дәлелдейді.
Жоғары білікті мамандардан құралған ұжым «ҰАТ» АҚбизнес процестерінің жұмысын көрсетіп, олардың халықаралық стандарттарға сай екенін тағы да бір мәрте дәлелдеді.
Аудит Британдық стандарттар институты (BSI) – ірі әлемдік стандарттар провайдерімен өткізілді. Қорытынды есепте компания қолданысындағы ең үздік тәжірибелер көрсетілді.
Біз клиенттерге олардың бизнес тапсырмаларын іске асыру үшін АКИ-қызметтерді ұсынатымызға, әрі 2006 жылы «ҰАТ» АҚ-да СМЖ принциптері енгізілгеннен бері жүргізілген сертификациялық және инспекциалық аудиттер қорытындысы бойынша қызметтер сапасының үнемі дәделденетініне қуаныштымыз.