Skip to main content

Қызмет

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ)– Қазақстанның ақпараттық технологиялар нарығындағы ірі компания.

Компания 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамыту туралы» 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 Қаулысына сәйкес құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы бекітілген № 40 Қаулысымен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып айқындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамын қайта құру» туралы 2016 жылғы 11 қарашадағы № 696 қаулысымен «Kazsatnet» Ұлттық компаниясы» АҚ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ құрамына кірді.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығымен «ҰАТ» АҚ Арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізілді.

Тізілімге сәйкес «ҰАТ» АҚ төмендегі оператор функцияларын орындайды:

1) өзіне бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы;

2) қауіпсіздікті және электрондық паспорттар жүйесінің қатысушыларымен және билік органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, электрондық паспорттар жүйесінің әкімшісімен жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің паспорттары) мен өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінің ұлттық операторы (Ұлттық әкімшісі);

3) ұлттық жасанды интеллект платформасының операторы.