COVID-19 симптомдарын алдын ала анықтауға арналған онлайн сауалнаманы eGov Mobile қосымшасында өтуге болады
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Электрондық үкімет» порталының eGovMobile қосымшасында медициналық мекемеге жүгінбестен, COVID-19 белгілерін алдын-ала анықтау үшін онлайн-сауалнамалық қызметті енгізді.
Коронавирус белгілерін өздігінен диагностикалаудың онлайн қызметі eGovMobile басты бетінде, «COVID-19 белгілері бойынша сауалнама» жеке батырмасы түрінде орналасқан және үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) қол жетімді.
Сауалнаманы толтыру үшін азаматтар 12 қарапайым сұраққа «Иә / Жоқ» деп жауап беруі керек, қажет болған жағдайда мәлімет үшін қосымша алаңды толтыруы керек. Осыдан кейін «Сауалнаманы жіберу» батырмасын басу керек. Барлық толтырылған сауалнамалар тікелей ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жіберіледі.
Сондай-ақ, азаматтар ел аумағында вирустың таралуын бақылай алады және жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба алады.
«COVID-19 туралы FAQ» қызметіде қосымшаның басты бетінде жеке батырма түрінде орналасқан және коронавирус дегеніміз не, осы инфекцияға қарсы вакцинация бар ма және т.б деген сияқты азаматтардың вирусқа қатысты жиі қоятын сұрақтары туралы ақпарат бар.
«COVID-19 картасы» қызметі нақты уақыт режимінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен тікелей интеграциялануының арқасында елде жұқтырғандар мен олармен байланыста болған адамдар туралы нақты және сенімді ақпаратты көрсетеді.