Skip to main content

Ашық үкімет

«Ашық үкіметті» құру 2013 жылы басталды. Бүгінгі күні «Ашық үкімет» Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру жөніндегі Бесінші институционалдық реформаны жүзеге асыру, оның ішінде 94 және 96-қадамдарды орындау шеңберінде дамуын жалғастыруда. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 15 қарашадағы және «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы ҚРЗ қабылданды.

Ашық үкімет төмендегі порталдардан тұрады: ашық деректер, ашық нормативтік құқықтық актілер, ашық диалог, ашық бюджеттер, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау.

Ашық деректер порталы – бұл мемлекеттік органдардың жалпыға қолжетімді деректері машинада оқылатын түрде орналастырылатын платформа, ол Қоғамға ақпарат иелерінен сенімді ашық деректерді қолайлы нысанда, оның ішінде қайта пайдалану үшін алуға мүмкіндік береді.

«Нормативтік құқықтық актілер» порталы әзірленіп жатқан заң жобалары мен құқықтық актілерді талқылауға арналған бірыңғай алаң. Әркім өз пікірін білдіріп, құқықтық актілерді әзірлеуге қатыса алады.

«Ашық диалог» порталы азаматтық қоғам мен қоғам арасында тиімді кері байланысты орнату алаңы болып табылады.

Бұл портал мыналарды қамтиды:

  • квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшыларына арналған блог-платформа;
  • интернет-конференция;
  • «сауалнама» жүйесі.

«Ашық бюджеттер» порталы азаматтардың мемлекеттегі «бюджет» түсінігін жеңілдету және бюджет қаражатының жұмсалуын қоғамдық бақылау арқылы белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға жәрдемдесу мақсатында құрылған.

«Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау» – азаматтар мен үкімет арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған портал, онда мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау туралы ақпарат және стратегиялық жоспарлар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептер орналастырылады.