Skip to main content

Е-лицензиялау

Е-лицензиялау мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесі лицензиялау процестерін, рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру және лицензиар мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының бизнес - қоғамдастығы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың тиімді, ашық тетігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Жүйе Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» қалыптастыру мен дамыту бағдарламасы және Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде іске асырылды.

«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі жобасын іске асыру екі кезеңде, 7 жыл ішінде жүзеге асырылды:

1 кезең: 2008 - 2012 жылдар - лицензиялау процестерін автоматтандыру;

2 кезең: 2012 - 2014 жылдар - рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру.

2015 жылдан бастап ағымдағы күнге дейін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ны сүйемелдеу мен түрлендіру жүзеге асырылады.

«Е-лицензиялау» порталы (http://elicense.kz) жеке және заңды тұлғаларға (азаматтар мен ұйымдарға) мынадай артықшылықтар береді:

* лицензия мен рұқсат құжаттарын алу тәртібі туралы ақпарат алу, нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес біліктілік талаптарымен және қажетті құжаттар тізбесімен танысу;

* алуға, қайта ресімдеуге электрондық өтініш беру, бұл ретте интеграциялау және оңтайландыру есебінен ұйымның жарғылық құжаттарының, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға болатын өзге де мәліметтердің қажеттілігі жойылады;

* лицензия алуға өтініш және лицензияға қосымша берген кезде мемлекеттік баждың, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы рұқсат беру құжаттарының электрондық төлемі;

* лицензия мен рұқсат құжаттарын алу үшін құжаттардың толық пакетін тіркеуді қысқарту;

* электрондық өтініштерді қарау мерзімі мен деңгейін бақылау;

* өтініштң өңделуіне мониторинг жүргізу, бас тартылған жағдайда - Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес негізделген бас тартуды алу;

* қызметтің нәтижесін электрондық түрде алу, бұл ретте қағаз өтініштер бойынша немесе ХҚКО арқылы берілген лицензиялар мен рұқсат құжаттары да порталда электрондық форматта сақталады;

* электрондық құжаттарды жеке кабинетте сақтау;

* мемлекеттік органға лицензиялар бойынша есептілікті электрондық түрде ұсыну;

* еркін қол жеткізілетін Интернет-ресурсында лицензияның және рұқсат беру құжаттарының жарамдылығын тексеру.

2011 жылдан бастап электрондық және қағаз лицензиялардың күші теңестірілді, сондай-ақ 2012 жылдан бастап - лицензияларды тек электрондық түрде беру туралы заңнамалық талап енгізілді, бұл мемлекеттік органдардың 100% қатысуын қамтамасыз етті және жобаның екінші кезегін - рұқсат беру құжаттарын электрондық форматқа көшіру үшін жүйені дамытуға мүмкіндік берді.

Бүгінгі күні мемлекеттік органдардың рұқсат беру құжаттары мен лицензиялар санын оңтайландыру мен қысқартуды ескерумен қазіргі уақытта «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ порталында 434 автоматтандырылған қызмет (84 - лицензия, 297 - рұқсат, 52 - хабарлама, 1 - СБӨ анықтамасы) жұмыс істейді. Автоматтандыру басталғаннан бері берілген Лицензия саны - 609 741; Рұқсаттар - 10 007 839; Хабарлама тәртібі - 3 132 077.

Жетістіктер:

2013 жылғы 13 мамырда Женевада Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі дүниежүзілік кездесу форумы аясында өткен WSIS Project Prizes 2013 халықаралық байқауының нәтижелері жарияланды. Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау жүйесі (www.elicense.kz) «E-Business» санатындағы Үздік жоба атанды. Жоба жетістігінің тарихы Халықаралық электр байланысы одағының ресми ресурсында жарияланды.

2014 жылғы қаңтардан бастап лицензиялау процесін оңтайландыруды ескерумен лицензиялаудың барлық түріне - «Мәліметтер нысандары» декларативті түрде өтініш беру іске қосылды. Яғни, бұл нысан өтініш берушілерге мәліметтерді қолмен толтыруға мүмкіндік береді және көптеген қажетті құжатты тіркеу саны азаяды.

2022 жылғы шілдеде жеке тұлғалар (ЖТ) үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да бір реттік код арқылы авторизациялаудың/тіркеудің жаңа әдісі бойынша функционал автоматтандырылды.

Smart Bridge-де жарияланған сервистерге қосылу арқылы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ мен МГОВ арасындағы интеграция шеңберінде 2022 жылғы шілдеде «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да авторизациялаудың/тіркеудің жаңа әдісі бойынша жұмыстар жүргізілді.

QR-код бойынша қызметті авторизациялау мен қол қоюдың жаңа әдісі бойынша функционал автоматтандырылды.

Smart Bridge-де жарияланған сервистерге қосылу арқылы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ мен МГОВ арасындағы интеграция шеңберінде 2022 жылғы жылғы қарашада «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да мобильді құрылғылар (смартфон) арқылы QR кодын сканерлеу жолымен қызметке авторизациялаудың және оған қол қоюдың жаңа әдісін іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілді.