Skip to main content

ҚР негізгі куәландырушы орталығы

Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҚР НКО) – Қазақстан Республикасының куәландырушы орталықтарының өзара іс-қимылының иерархиялық моделін құруға, электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру, байланыс арналарын қорғау (кілттерді шифрлау) және электрондық транзакцияларды кепілді қорғауды және интернет және басқа да желілер арқылы деректерге қолжетімділікті талап ететін электрондық құжат айналымы, электрондық коммерция, сауда жүйелеріндегі аутентификация үшін пайдаланылатын ашық кілттерге сенім жүйесін құруға арналған ақпараттық жүйе.

ҚР куәландырушы орталықтарының өзара іс-қимылының иерархиялық моделін құруға арналған.

2011 жылғы 30 наурыздан бастап өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.

2020 жылғы 7 қазандағы ҚР НКО ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ нәтижелері бойынша акт алынды.

Аккредиттелген КО:

  1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы;
  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы;
  3. «Гамма Технологии» ғылыми-зерттеу зертханасы» ЖШС;
  4. «Business & Technology Services Digital» куәландырушы орталығы;
  5. «Kaspi Bank» АҚ куәландырушы орталығы;
  6. «Халық Банкі» АҚ куәландырушы орталығы;
  7. «Евразиялық Банк» куәландырушы орталығы;
  8. «BTS Digital» куәландырушы орталығы;
  9. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК;
  10. «Банк Хоум Кредит» куәландырушы орталығы;
  11. «ЦентрКредит» ДБ АҚ куәландырушы орталығы;
  12. «Forte Bank» АҚ куәландырушы орталығы;
  13. «Бірінші кредиттік бюро» куәландырушы орталығы;
  14. «Фридом финанс банк» АҚ куәландырушы орталығы;
  15. «Biometric» ЖШС;
  16. «Колеса» АҚ;
  17. «Jusan Bank» АҚ;
  18. «Bereke Bank» АҚ;

Интернет-ресурс: root.gov.kz