Skip to main content

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы

Мемлекеттік органдар интернет ресурстарының бірыңғай платформасы жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың барлық сайтын бірыңғай және қолайлы құрылымға біріктірді, ақпарат алудың бірыңғай «терезесіне» және халықтың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын білдіретін құралға айналды. Платформа 2 000-нан астам сайт конструкторы ретінде танылады, онда мемлекеттік органның әр қызметкері әзірлеушінің дағдыларысыз 1 минутта жаңалықты орналастыра алады, тіпті, жеке кабинеті арқылы 15 минут ішінде сайтты да құрай алады.

Платформа Gov.kz адресі бойынша орналасқан және оның мобильді қосымшасы, қолайлы интерфейсі мен ыңғайлы түсінікті навигациясы бар. Интернет-ресурс азаматтардың қолайлығы үшін қажетті нұсқаулық алуға және мемлекеттік қызметке онлайн түрінде тапсырыс беруге мүмкіндігі бар өмірлік жағдай бойынша мемлекеттік қызметтерді құрылымдап, адам үшін қолайлы етіп құрылған.

Веб-сайттың мекен-жайы: www.gov.kz