Skip to main content

Smart Bridge

«Smart Bridge» (Сервистер витринасы) жобасы - бұл мемлекеттік органдардың мен жеке сектордың ақпараттық жүйелері арасындағы интеграцияның оңайлатылған процесі.

Жоба 2019 жылы 20 желтоқсанда іске қосылған.

«Smart Bridge» (Сервистер витринасы) жобасын құрудың мақсаты:

  • мемлекеттік органдардың бизнеспен интеграциясы, өзара іс-қимылы және бәсекелестік ортаны дамытуды ұйымдастыру процедураларын оңайлату.

«Сервистер витринасы» платформасы келесі міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді:

  • сервистің техникалық сипаттамасын және сервис иесінің және ақпараттық жүйені әзірлеушінің байланыс деректерін ұсына отырып, мемлекеттік органдар мен жеке сектордың ақпараттық жүйелері сервистерінің бірыңғай каталогын жасау;
  • «электрондық үкімет» шлюзі арқылы Сервистер витринасы порталында жарияланған сервистерге қолжетімділік процестерін автоматтандыру;
  • коннекторлар (сервистер конструкторы) арқылы ақпараттық жүйелердің жаңа ақпараттық сервистерін құру процесін автоматтандыру.

«Smart Bridge» (Сервистер витринасы) порталының адресі: sb.egov.kz.