Skip to main content

Сатып алу департаментінің Сатып алуды жоспарлау және суйемелдеу басқармасының менеджері

Жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан жоғары

Міндеттері:

- әлеуетті өнім берушілердің сұраныстары мен бастамалары бойынша Веб-порталда хабарландырулар орналастыру арқылы алынған маркетингтік қорытындыларды қалыптастыру және қоғамның СТП сұраныстары бойынша жіберу;

- жарнамада, каталогтарда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамаларында және адамдардың белгісіз тобына жүгінген, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жария оферталар деп танылатын басқа да ұсыныстарда қамтылған ақпараттың жалпыға қолжетімді көздерін зерделеу арқылы әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын, прайс-парақтарын және буклет өнімін іздеу және қарау;

- тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді әлеуетті жеткізушілермен баға саясатының ерекшеліктері, ықтимал баға артықшылықтары, жеңілдіктер және олардың жұмыс шарттары туралы келіссөздер жүргізу;

- тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасына мониторингті жүзеге асыру;

- сатып алу жоспарын (алдын ала, жылдық сатып алу жоспарын және (немесе) ұзақ мерзімді сатып алу жоспарын) (бұдан әрі - сатып алу жоспары)әзірлеу және бекітуге дайындау;

- құрылымдық бөлімшелердің өтінімдері және бюджеттік түзетулер негізінде сатып алу жоспарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді әзірлеу және бекітуге дайындау;

- сатып алу жоспарын Қағидалардың талаптарына сәйкес веб-порталда уақтылы орналастыру;

- сатып алу жоспарының орындалуы бойынша есептілікті қалыптастыру және мониторингі;

- құрылымдық бөлімшелер әзірлейтін және ұсынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі техникалық ерекшелікті, біліктілік талаптарын Қағидалардың, сатып алу жоспарының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне келісу;

- Ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін тергеу және жою жөніндегі іс-шараларға қатысу (инциденттерге уақтылы ден қою және ақпараттық қауіпсіздік департаментінің сұрау салуы бойынша Басқарманың қарамағындағы ақпараттық активтерге байланысты инциденттер (осалдықтар) бойынша ақпарат беру, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау;

- ақпараттық активтерді жіктеу және санаттарға бөлу процесіне қатысу, Басқарма құзыреті шегінде ISO 9001:2015, ISO/IEC 20000-1:2018, ISO/IEC 27001:2013 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестікке ИСУ (СМЖ, ҚАЖЖ, СУИБ) талаптарын сақтау;

- қағидаларға сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғам басшылығының сұрау салулары бойынша ақпараттың/есептердің уақтылы және тиісінше берілуін қамтамасыз ету;

- Басқарма құзыреті шегінде маркетингтік зерттеулер жүргізу үшін қызметтік жазбаларды жіберу мәселелері бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсету;

- СТП басшысының тапсырмасы негізінде уақытша болмаған қызметкердің лауазымдық нұсқаулығында көрсетілген міндеттерін орындау.

 

Компания төмендегілерді ұсынады:

  • қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілігін жоғарылату курстарынан өткізу (соның ішінде халықаралық стандарттар бойынша);
  • 2 (екі) лауазымдық жалақы мөлшерінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына денсаулықты сауықтыруға арналған жәрдемақы;
  • тоқсан сайынғы сыйлықақы;
  • заманауи және ыңғайлы кеңсе;
  • елорданың барлық аудандары арқылы жүретін қызметтік автобустармен таңертең және кешке тасымалдау.

Шарттар:

Жұмыс жағдайы:

  • жалақы мөлшері әңгімелесу барысында талқыланады;
  • жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, 5/2.

Түйіндемеңізді hr@nitec.kz электрондық поштасына жіберіңіз.

Аймақ:

Астана

Аймақ:
Астана
Өтініш қалдырыңыз, біз Сізге хабарласамыз!
One file only.
2 MB limit.
Allowed types: gif jpg jpeg png bmp eps tif pict psd txt rtf html odf pdf doc docx ppt pptx xls xlsx xml avi mov mp3 ogg wav bz2 dmg gz jar rar sit svg tar zip.