Жүйелік аналитик (System Analyst)
Міндеттері:
- Ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды жинау мен талдау.
- Техникалық құжаттама мен ерекшеліктерді әзірлеу.
- Талаптарды іске асыру үшін әзірлеушілермен және тестілеушілермен өзара іс-қимыл.
- Бизнес-процестерді модельдеу және жүйелік архитектураны жобалау.
Қойылатын талаптар:
- Бағдарламалық қамтылымды әзірлеу әдістемелерін (Agile, Scrum) білу.
- Модельдеу құралдарымен (UML, BPMN) жұмыс істеу тәжірибесінің болуы.
- Ақпараттық жүйелер архитектурасының принциптерін түсіну. SQL және деректер қорының негіздерін білу.
- Бағдарламалау негіздерін білу.
- Талаптармен (жинау, талдау, құжаттау) жұмыс істеу тәжірибесінің болуы.
- Бағдарламалық қамтылымды әзірлеудің өмірлік циклін түсіну.
- Жүйелік ойлау және талдау қабілеті.
- Талаптарды басқару жүйелерімен (Jira, Confluence) жұмыс істеу тәжірибесінің болуы.
- Техникалық аспектілерді түсіну үшін бағдарламалау тілдерін (мысалы, Python, Java) білу.
Компания төмендегілерді ұсынады:
- қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілігін жоғарылату курстарынан өткізу (соның ішінде халықаралық стандарттар бойынша);
- 2 (екі) лауазымдық жалақы мөлшерінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына денсаулықты сауықтыруға арналған жәрдемақы;
- заманауи және ыңғайлы кеңсе;
- елорданың барлық аудандары арқылы жүретін қызметтік автобустармен таңертең және кешке тасымалдау.
Шарттар:
Жұмыс жағдайы:
- жалақы мөлшері әңгімелесу барысында талқыланады;
- жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, 5/2.
Түйіндемеңізді hr@nitec.kz электрондық поштасына жіберіңіз.
Аймақ:
Астана
Өтініш қалдырыңыз, біз Сізге хабарласамыз!