Skip to main content
  • 3 қызмет 1 жерде: заңды тұлғаларды тіркеу, банктік шот ашу және сақтандыру келісімшартын бекіту eGov.kz порталында қолжетімді болды

    3 қызмет 1 жерде: заңды тұлғаларды тіркеу, банктік шот ашу және сақтандыру келісімшартын бекіту eGov.kz порталында қолжетімді болды

    2018 жылдың басынан бастап электронды үкіметтің www.egov.kz  порталында жаңа композиттік қызмет пайда болды. Қызметтің атауы – «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, банктік шот ашу және өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан жұмыскерді міндетті сақтандыруды ескере отырып олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу».

    Қызметтің қандай артықшылығы бар?

  • «ҰАТ» АҚ ақпараттық технологияларды интеграциялау жұмысын жалғастырады

    «ҰАТ» АҚ ақпараттық технологияларды интеграциялау жұмысын жалғастырады

    Ботагөз Қасабек айтып өткендей, аталған бағытта «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы ақпараттық технологияларды (АТ) интеграциялау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді.

    «Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың 157 ақпараттық жүйесін интеграциялау жүзеге асырылды. Банктердің бюджетке төлемдер төлеумен байланысты жасалған төлемдер және (немесе) ақша аудару туралы мәліметтер мен ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну тұрғысынан электронды үкіметтің төлем шлюзіне екінші деңгейдегі 32 банк қосылды, оның ішінде «Қазпошта» бар», — деді Ботагөз Қасабек.

  • Қазақстандықтар үшін анықтамаларды үшінші тұлғалар ала алады

    Қазақстандықтар үшін анықтамаларды үшінші тұлғалар ала алады

    2018 жылдан бастап eGov.kz порталында электрондық анықтамаларды үшінші жақпен алу сервисі қолжетімді болды. Қызмет тегін көрсетіледі. Азаматтар үшінші жақпен әрбір алынған анықтамаларға sms-хабарлама арқылы рұқсат береді.

  • Әсет Тұрысов «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

    Әсет Тұрысов «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ директорлар кеңесінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы №198 шешімімен компанияның Басқарма төрағасы болып Тұрысов Әсет тағайындалды. Бұрын Ә.Н.Тұрысов «Қазпошта»АҚ басқарушы директоры лауазымында қызмет атқарған.

    Тұрысов Әсет Нұрланұлы 1987 жылғы 10 қарашада Москва қ. дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің «Математикалық және компьютерлік модельдеу бакалавры» мамандығын бітірді. 2017 жылы «Экономика бакалавры» мамандығы бойынша «Нархоз» университетін бітірді.