Skip to main content
  • Қазақстан астанасында «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы өтті.

    Қазақстан астанасында «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы өтті.

    Қазақстан астанасында «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы өтті. Жетекші IT-мамандар мен технологиялық кәсіпкерлер цифрлық даму саласындағы тәжірибе мен инновациялық шешімдер алмасу үшін бірыңғай диалог алаңына жиналды. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ форумға демеуші ретінде қатысты. 

    Форум аясында «ҰАТ» АҚ басшылығы шетелдік компаниялармен бірқатар кездесулер өткізіп, одан әрі ынтымақтастық мәселелері мен бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарларды талқылады.

  • Мемлекеттік қызметтерді QR-код арқылы төлеуге болады

    Мемлекеттік қызметтерді QR-код арқылы төлеуге болады

    "Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ ағымдағы жылдың 12 қарашасынан бастап «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзінде (ЭҮТШ) Visa халықаралық төлем жүйесінің платформасында өткізілген QR-код арқылы төлем қызметі қолжетімді екенін хабарлайды. Сервисті "ҰАТ" АҚ мен Halyk Bank ("Қазақстан Халық банкі"АҚ) бірлесіп әзірледі.

    Енді мемлекеттік қызметтерді төлеудің осы әдісін пайдалану үшін "электрондық үкімет" веб-порталында, ЭҮТШ бетінде "QR-code"-HomeBank таңдау және Homebank мобильдік қосымшасында қалыптастырылған кодты сканерлеу жеткілікті.