Skip to main content

Бекманов Дәулет Нысанқұлұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы

Туған жылы мен күні: 1983 жылғы 20 қараша.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы.

Директорлар кеңесіне сайланған күні: 2026 жылғы 13 шілде.

Директорлар кеңесі мүшесінің функциялары Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен, «ҰАТ» АҚ-ның Жарғысымен, Директорлар кеңесі туралы ережемен және өзге де ішкі құжаттарымен регламенттеледі.

Білімі:

2004 жылы «Мирас» жеке университетін «Информатика» мамандығы бойынша бітірген.

2010 жылы М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек тәжірибесі: еңбек жолын 2005 жылы «Медиа Софт Астана» ЖШС инженер-жүйе технигі лауазымында бастаған.

2006 жылғы қазаннан 2011 жылғы қазанға дейін ҚР Ұлттық архивінің Ақпараттық архив технологиялары бөлімінде маман, «Денсаулық сақтаудың инвестициялық жобаларын басқару орталығы» ЖШС жетекші маманы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бас аналитигі болып жұмыс істеді.

2011 жылғы қазаннан 2018 жылғы қыркүйекке дейін ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінде, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде, ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінде, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде және ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2018 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы ақпанға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;

2020 жылғы ақпаннан 2023 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы;

2023 жылғы мамырдан 2025 жылғы шілдеге дейін «Қазпошта» АҚ пошта сервисі және мемлекеттік қызметтер басқарушы директоры;

2025 жылғы 2 шілдеден бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы болып сайланды.

Қосымша жұмысы және Директорлар кеңесіне мүше болуы: жоқ.

Қоғамның акцияларын иелену: жоқ.

Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.