Маркетингтік зерттеулер
Қаражатты оңтайлы және тиімді жоспарлау мақсатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің мониторингтік бағасын анықтау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Қоғамның ішкі ережелеріне сәйкес маркетингтік зерттеулер «Еуразиялық электрондық портал» ақпараттық жүйесінде («MITWORK» ЖШС) https://eep.mitwork.kz жүзеге асырылады.
Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бағасын зерттеуге қатысу үшін жеткізушілер аталған порталда тиісті тіркеуден өтуі қажет.