Азаматтар «Ашық деректер» порталында ХҚКО-ның жүктелімін көре алады
![](/sites/default/files/2021-10/58.png)
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Ашық үкімет» порталының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ақпараттық жүйесімен интеграциясы жүргізілгендігі туралы хабарлайды.
Интеграция «Ашық деректер» компонентімен ХҚКО ақпараттық жүйесінің арасында жүргізілді.
Осы интеграция ХҚКО-да өз кезегін күтіп отырған азаматтардың саны туралы ақпарат алуға және кезекті онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді.
Порталдағы деректер JSON форматында ұсынылады (JavaScript-қа негізделген деректермен алмасудың мәтіндік форматы). Көптеген басқа мәтіндік форматтар сияқты, JSON пайдаланушыларға оңай оқылады.
Анықтамалық:
Азаматтардың әртүрлі деректер жиынтықтарына қолжетімділігін қамтамасыз ету, деректерді пайдалану арқылы жан-жақты талдаулар мен бақылау жүргізу мүмкіндігін беру - «Ашық деректер» порталының басты мақсаты.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар деректер жиынтықтарын машинада оқылатын түрде API көмегімен орналастырады. Әзірлеушілер бұл форматты әртүрлі қосымшалар мен веб-сервистерді жасау үшін пайдаланады. Сонымен қатар, деректер журналистер мен талдаушылар жүргізетін әлеуметтік-экономикалық және ғылыми зерттеулерде қолданылуы мүмкін.