Skip to main content

Азаматтар «Ашық деректер» порталында көлік құралының техникалық байқаудан өткені туралы ақпаратты көре алады

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Ашық үкімет» порталының «Техникалық бақылаудың» бірегей ақпараттық жүйесімен интеграциясы жүргізілгендігі  туралы хабарлайды.

Осы интеграция автокөлік құралының моделі, маркасы, түсі, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі, шығарылған жылы, сәйкестендіру нөмірі, шығарылған күні, диагностикалық картасының берілген күні туралы онлайн режимінде ақпарат алуға мүмкіндік береді.

«Ашық деректер» порталы орталық және жергілікті атқарушы органдардың қол жетімді ақпаратты орналастыратын платформа болып табылады.

Анықтама:

Азаматтардың  әртүрлі деректер жиынтықтарына қолжетімділігін қамтамасыз ету, деректерді пайдалану арқылы жан-жақты талдаулар мен бақылау жүргізу мүмкіндігін беру - «Ашық деректер» порталының басты мақсаты.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар деректер жиынтықтарын машинада оқылатын түрде API көмегімен орналастырады. Әзірлеушілер бұл форматты әртүрлі қосымшалар мен веб-сервистерді жасау үшін пайдаланады. Сонымен қатар, деректер журналистер мен талдаушылар жүргізетін әлеуметтік-экономикалық және ғылыми зерттеулерде қолданылуы мүмкін.