Азиядағы озық технологиялар бойынша семинарда Қазақстандық eGov және Цифрлық Қазақстан жобаларымен таныстырылды
21-22 ақпан аралығында Нью-Дели қаласында (Үндістан) «Цифрлық экономика: Бұл не және ол Азияға қалай трансформатталады?» атты алдыңғы қатарлы технологиялар атты семинар өтуде. Іс-шараны Азия Даму Банкінің институты (АДБИ), Токио ASEAN-India Center (AIC) және Дамушы елдер үшін ғылыми-ақпараттық зерттеу жүйесі ұйымдастырды.
Семинардың өту барысында қатысушылар Азиядағы цифрлық экономиканың қазіргі жағдайын, оның ішінде цифрлық ағындар, онлайн-коммерция, қаржылық технологиялармен қатар цифрлық экономикадағы білім берудің, дағдыларымен инновациялардың рөлдерін де талқылады.
Іс-шараның алғашқы күні Азия елдерінің арасындағы технологияларды дамыту тәжірибесі және мемлекетаралық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыланды. Әлемдік сарапшылар Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету салаларындағы тәжірибелерімен танысты.
Жеке дара өткен сессияда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және БҰҰ рейтингісінде даму деңгейі бойынша 7-орынды, ал Азия мемлекеттерінің арасында 7-ші орынды және дүниежүзінде 33-ші орынды иеленген «e-Gov» Қазақстанның электрондық үкіметінің таныстырылымы болды.
EGov.kz ұсынған электрондық көрсетілетін қызметтердің ауқымы бүгінгі таңда 240-нан астам қызмет түрлерін қамтиды, оның ішінде белсенді көрсетілетін қызметтер, ЭЦҚ-сыз қызметтері, анықтамасыз қызметтері және т.б. бар. Қазір е-Gov.kz порталы еліміздің кез келген өңірінен қол жетімді.
Бүгін отандық электрондық үкімет порталының танымалдылығы күн санап артып келеді, ал ресурсқа тіркелген пайдаланушылар саны 7 миллионнан асқанын айта кету керек. Сондай-ақ, «ҰАТ»АҚ өткізетін ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқасында пайдаланушы бірнеше ведомствоға бармай, бірнеше интегралды схемаларды пайдалану кезінде бірыңғай өтініммен қызметтерге қол жеткізе алатын «бір терезе» қағидаты бойынша кешенді көрсетілетін қызметтерді ұсынуға көшу жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда компания 157 мемлекеттік органның ақпараттық жүйелеріне интеграциясын жүзеге асырды, 32 екінші деңгейдегі банк пен сақтандыру компаниялары және «Қазпочта» АҚ төлем шлюзіне қосылған.
Озық технологиялардың семинарына қатысушылардың ерекше қызығушылығын цифрлық ағындардың, цифрлық платформалардың және құралдардың үрдістерін зерттеу туғызды. Бұл семинарда сондай-ақ цифрлық технологиялардың бизнес және қоғамды қалай өзгерткенін және оның Азия экономикасына қалай әсер ететінін талқылау жоспарланып отыр.