Skip to main content

Бос жұмыс орындарына конкурс

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

Бос орындарға конкурс жариялаймыз: «ҰАТ» АҚ Алматы облысы бойынша өкілдігінің директоры (Қонаев), «ҰАТ» АҚ Абай ауданы бойынша өкілдігінің директоры, «ҰАТ» АҚ Ұлытау облысы бойынша өкілдігінің директоры.

Кандидат қойылатын талаптар:

  • Жоғары кәсіби. Мамандығы: Техникалық ғылымдар және технологиялар (Радиотехника, электроника және телекоммуникация; Ақпараттық жүйелер; Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық технологиялар; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Аспап жасау; Жылу энергетикасы; Электр энергетикасы; Математикалық және компьютерлік модельдеу; Ғарыштық техника және технологиялар; Көлік, көліктік техника және технологиялар; Авиациялық техника және технологиялар; Техникалық физика; Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша); Жаратылыстану ғылымдары (Математика; Информатика; Механика; Физика; Ядролық физика); Экономика және бизнес (Экономика);
  • Жалпы жұмыс өтілі 7 жылдан кем емес, қызмет бағыты бойынша кемінде
    6 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл;
  • Егер сізде магистр дипломыңыз болса, кемінде 6 жыл жұмыс өтілі, қызмет саласында кемінде 5 жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес.

Лауазымдық міндеттері:

  • Инциденттерді тергеудің кибермониторингі басқармасының
    (бұдан әрі – Басқарма) қызметін басқару. Басқарманың жұмысын жоспарлау, Басқарманың міндеттерін орындау үшін ұйымдастыру-техникалық мәселелерді шешу;
  • Басқарманың тапсырмаларының орындалу сапасын бақылау және ұйымдастыру;
  • Басқарма жұмыскерлерінің еңбек тәртібінің жай-күйін, жұмыскерлердің ішкі еңбек тәртібін сақтауын бақылау. Еңбек және орындау тәртібін нығайту жұмыстарын жүргізу;
  • Басқарма жұмыскерлері арасында міндеттерді бөлу, олардың қызметтік міндеттерін ойдағыдай орындауына жағдай жасау;
  • Басқарма жұмыскерлеріне жұмыс орнындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша бастапқы, қайталама және жоспардан тыс нұсқама беру;
  • Бос лауазымдарға Басқарма жұмыскерлерін іздеу және іріктеу. Өтініш берушілермен әңгімелесу және бағалау;
  • Басқарма туралы ережені, лауазымдық нұсқаулықтарды, жұмыс жоспарын, жұмыскерлер үшін KPI көрсеткіштерін әзірлеу және өзектендіру;
  • Басқарма қызметінің бағыты бойынша құжаттаманы әзірлеу, өзектендіру және жаңарту (нұсқаулықтар, қағидалар, регламенттер, бизнес-процестер және т.б.);
  • Есеп беру нысандарын дайындау және олардың уақтылы тапсырылуын бақылау;
  • Басқарманың жұмыс жоспарының, жұмыскерлердің KPI және Басқарма мен Қоғамның басқа да құжаттарының орындалуын бақылау;
  • Келіп түскен хат-хабарды уақтылы қарау. Келіп түскен хат-хабарды Басқарма жұмыскерлері арасында жауапкершілік саласына, құзыретіне және жұмыс көлеміне қарай бөлу. Хаттарды/қызметтік жазбаларды дайындау. Басқарма жұмыскерлерінің хаттарының/ қызметтік жазбаларының жобаларын тексеру және түзету;
  • Басқарманың құзыреті шегінде техникалық құжаттаманы, пайдалану схемаларын және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басқа да мәселелерін қарау;
  • Басқарма қызметі бойынша отырыстарды ұйымдастыру және отырыстарға қатысу;
  • Басқарманың алдына қойылған міндеттерге қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді, сондай-ақ Басқарма қызметінің бағыты бойынша АЖ тәуекелдерін анықтау және бағалау;
  • Басқарманың бағыты бойынша жобалық қызметтің жүргізілуін бақылау;
  • Басқарманың көрсетілетін қызметтерін әзірлеу және өзектендіру;
  • Басқарманың көрсетілетін қызметтерін ілгерілету. Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының көрсетілетін қызметтеріне жаңа клиенттерді (азаматтық органдар, жергілікті билік органдары және басқа ұйымдар) іздеу және тарту;
  • Басқарманың көрсетілетін қызметтері бойынша есептерді, техникалық шарттарды және әлеуетті клиенттерге ұсынылған басқа құжаттарды тексеру;
  • Ақпараттандыру объектілерін аспаптық зерттеуді ұйымдастыру және бақылау және шолу есептерін беру;
  • Журнал оқиғаларының көздерін SIEM жүйелеріне қосуды ұйымдастыру және бақылау;
  • Қоғамның жасалған кіріс шарттарының шеңберінде Басқарманың басқа да жұмыстары мен қызметтерінің орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
  • Қоғамның кіріс шарттарын жабу үшін барлық қажетті есептілік құжаттамасының (актілер, есептер, хаттамалар және т.б.) уақтылы ұсынылуын ұйымдастыру және бақылау;
  • Басқарма балансындағы тауарлар мен материалдарды есепке алу және түгендеу жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау;
  • АҚЖО-на келіп түскен АЖ оқиғасы мен инциденттер журналына тәулік бойы мониторинг жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау. Ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін тіркеу және оларға ден қою бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау;
  • Ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін тергеу бойынша жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ оларды тергеуге қатысу;
  • Ақпараттандыру объектілерінің (Pentest), сондай-ақ АЖ бастапқы кодының қауіпсіздігін тексеру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау;
  • Басқарманың құзыреті шегінде АЖ талаптарының сақталуын ұйымдастыру және бақылау;
  • Қауіптер, осалдықтар және ақпараттық қауіпсіздік инциденттері туралы өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу мәселелері бойынша Басқарманың және басқа ұйымдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелерімен Басқарманың өзара іс-қимылын ұйымдастыру және бақылау;
  • Қоғамның АЖ талаптарына сәйкестігіне жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерге қатысу, сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсыныстар беру, жоюды бақылау;
  • Өз құзыреті шегінде құжаттарға қол қою және бекіту.

Құпталады:

  • Кәсіби сертификаттардың болуы;
  • Шетел тілін білу;
  • Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы білім.

Біз ұсынамыз:

  • Оқыту және біліктілікті арттыру курстарынан өту (оның ішінде халықаралық стандарттар);
  • 2 (екі) лауазымдық жалақысы мөлшерінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына денсаулығын қалпына келтіруге арналған емдік жәрдемақы;
  • Тоқсан сайынғы сыйлықақылар;
  • Заманауи және жайлы кеңсе;
  • Елорданың барлық аудандары арқылы жүретін қызметтік автобустармен таңертең және кешке тасымалдау.

Шарттары:

  • Жұмыс кестесімен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін толық жұмыс күні, 5/2.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:

  • Жеке басты куәландыратын құжат;
  • Қосымшасы бар жоғары кәсіптік білімі туралы құжат – 1 дана;
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • Сертификаттардың, ұсыныстардың, сипаттамалардың және т.б. көшірмелері (бар болса);
  • Түйіндеме.

Құжаттар 2022 жылғы 17 маусымға дейін Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15, С-2.3 блогы мекенжайы бойынша қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе жалған мәліметтерді ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Байланыс телефоны: 8 775 444 90 55 (Айза).