ЕАЭО елдерінің Үкімет басшылары «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0.» форумында Еуразия инновациялық экожүйесінің дамуын талқылады
2019 жылғы 1 ақпанда Алматы қаласында Еуразия инновациялық экожүйесіне арналған жыл сайынғы «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0.» форумы өтті.
Форумды ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.
Форумға ЕАЭО қатысушы – елдердің Үкімет басшылары, ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, технопарктердің басшылары, саясаткерлер, ғалымдар, бизнесмендер қатысып, елдердің технологиялық әлеуетін ашуға бағытталған, Еуразия біртұтас инновациялық экожүйесін құруды және дамытуды талқылау үшін бір алаңға жиналды.
«Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0.» форумы аясында Беларус Премьер-Министрі – С. Румас, Қазақстан Премьер-Министрі – Б. Сағынтаев, Қырғызстан Премьер-Министрі – М. Абылгазиев, Ресей Премьер-Министрі – Д. Медведев және Армения Вице-Премьері – М. Григорян мен ЕЭК Алқа төрағасы Т. Саркисянның, сондай-ақ халықаралық сарапшылардың қатысуымен пленарлық сессия өтті.
Қатысушылар Еуразия технопарктерін интеграциялаудың алғышарттарын, бірлескен инновациялық жобалар құруды талқылады, цифрлық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікірлерімен алмасты және стартап-компаниялар мен ІТ-саласындағы жас мамандарды ілгерілету және қолдау мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Пленарлық сессия қорытындылары бойынша қатысушылар ЕАЭО қатысушы –елдердің технопарктерін интеграциялау туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа келесі технологиялық парктердің өкілдері қол қойды: «Сколково» қоры (Ресей), «Кәсіпорындар инкубаторы» қоры (Армения), Жоғары технологиялар паркі (Қырғызстан) және аталған интеграциялаудың бастамашы ретінде әрекет еткен «Astana Hub» ІТ-стартаптар халықаралық технопаркі» (Қазақстан).
Бірлесудің мақсаттары мен әлеуетті нәтижелерін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Қ.Жұмағалиевтың төрағалық етуімен өткен «Инновациялық экожүйедегі цифрландыру» панельдік сессиясы аясында талқылады.
Технопарктерді халықаралық интеграциялаудың басты мақсаты – елдер арасындағы технологиялық алшақтықты қысқарту және 4-технологиялық революция идеяларын ілгерілету. Болашақта, халықаралық интеграциялау тәжірибелерімен және білімдерімен ашық алмасуға, әр қатысушының мүмкіндіктерін кеңейтуге, технопарктердің жобаларына ауқымды қолжетімділікке және елдер арасындағы технологиялық алшақтықты қысқартуға әкелуі мүмкін.
«ЕАЭО цифрлық күн тәртібі» панельдік сессиясына қатысушылар цифрлық жобаларды іске асырудың механизмдері мен оларды бірлесе іске қосу жолдарын талқылады.
БҰҰ-ның «Тұрақты даму мақсаттарына жетудегі цифрландыру» сессиясына қатысушылар Күн тәртібін 2030 жылға іске асыруда АКТ және инновациялардың ролін талқылады, БҰҰ мүше-елдердің ұлттық инновациялық экожүйені құруда озық тәжірибелеріненалынған мысалдарды қарады.
4.0 Индустриясын дамытуға ықпал ететін жаһандық трендтер, сондай-ақ перспективалы ақпараттық технологиялар «4.0 Индустриясы – инновациялық экожүйе тұтынушысы» сессиясында басты тақырып болды.
«Шағын және орта бизнесті цифландыру» атты бесінші сессияның қатысушылары цифрландырудың шағын және орта бизнеске ашатын мүмкіндіктері туралы айтты. Шығындарды қысқартатын, өнімділік пен бәскеге қабілеттілікті арттыратын сауда-логистикалық платформаларды құруғакөп көңіл бөлді.
АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Сингапур, Швейцария және ТМД елдерінің технологиялық индустрияларының 50-ден астам өкілдері форум спикерлері ретінде сөз сөйледі.
Жыл сайынғы «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0.» форумы мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 11-қазандағы Еуразия Жоғары Экономикалық кеңесінде айтқан бастамасы бойынша өтеді.
Форумның басты мақсаты – ЕАЭО елдерінің бәскеге қабілеттілігін арттыра отырып, цифрлық экономикаларын дамытуды жетелдетуге мүмкіндік беретін бірлескен шаралар әзірлеу.