EGov.kz электрондық үкімет порталының компоненттері мен eGov mobile мобильді қосымшасының жұмысы қалпына келтірілді
Бүгін мемлекеттік органдардың серверлік орталығы инфрақұрылымының істен шығуына байланысты жеке мемлекеттік деректер базалары мен электрондық үкіметтің компоненттеріне қолжетісіздігі байқалды.
Қазіргі уақытта eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы және негізгі мемлекеттік дерекқорларды (ЖТ МДБ, ЗТ МДБ және т.б.) қоса алғанда, «электрондық үкімет» компонеттері қалпына келтірілді.
«ҰАТ» АҚ қызметкерлері «электрондық үкімет» компоненттері мен мемлекеттік деректер базаларының толық функционалын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар, техникалық ақаулардың себептеріне талдау жасалуда. Электрондық үкіметтің ақпараттық жүйелеріндегі кез келген ақау ақпараттық қауіпсіздік индиценті ретінде тіркелетінін атап өту керек. Кешенді талдау қорытындысы бойынша алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу шаралары қабылданатын болады. Өз кезегінде уақытша қолайсыздықтар үшін пайдаланушылардан кешірім сұраймыз»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Қазіргі уақытта «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандар қызметтерді толық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде және жақын арада жұмысты аяқтау жоспарланып отыр.