Skip to main content

IT-компаниялардың өкілдері Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне қабылдауға жазыла алады

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Ашық диалог» порталының модификациясы туралы хабарлайды (https://dialog.egov.kz/). Ендігі жерде 

IT-компаниялардың өкілдері Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне қабылдауға жазыла алады.

Өтінімді ресімдеу және оны Министрге жіберу үшін «IT-компаниялар үшін қабылдауға жазылу» батырмасын басқаннан кейін көрсетілетін модальды терезедегі міндетті алаңдарды толтыру қажет. Жоғарыда айтылған іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін порталда авторландыру талап етілмейді.

Тіркеу сәтті тіркелгеннен кейін өтінім модерациядан өтеді. Сонымен бірге, пайдаланушыда өтінімнің қай сатыда екенін білу, өтінімді жасау кезінде көрсетілген электрондық поштаға жіберілімдерді алу арқылы оның мәртебесін бақылау мүмкіндігі болады.

Жақын арада бұл модификация «Ашық диалог» порталының мобильді нұсқасында қолжетімді болады.

«Ашық диалог» порталы-бұл ара қашықтық, өзі келіп кезекке тұру, міндетті шарттарға сәйкестігі емес туралы хабардар болмауы сияқты кедергілерді алып тастайтын халық пен мемлекет арасындағы кері байланысты жүзеге асыруға арналған ашық алаң.