Қазақстанның Бірыңғай байланыс орталығы «Хрустальная гарнитура» марапатына ие болды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтері бойынша анықтамалық қызмет көрсететін 1414 Бірыңғай байланыс орталығы «Хрустальная гарнитура» халықаралық конкурсының «Мемлекеттік органдар мен ТҮКШ секторында халыққа қызмет көрсететін үздік орталық» номинациясы бойынша әділ қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Наурыздың 22-і Мәскеуде өткен XIII марапаттау рәсімінде 34 номинация бойынша жеңіске қол жеткізген ұйымдарға «Хрустальная гарнитура» марапаты табысталды.
«Хрустальная гарнитура» - байланыс орталықтары мен клиенттерге қызмет көрсету индустриясындағы беделді және кәсіби наградалардың бірі болып саналады, 2005 жылдан бері үздік байланыс орталықтарына табысталып келеді. Бірнеше кезеңнің қорытындысы және сарапшылардан құралған әділ қазы мүшелерінің қорытынды дауыс беруі бойынша номинация жеңімпазы анықталады. Call Center Guru кәсіпқой мамандар қауымдастығымен құрылған жыл сайынғы байқауға Ресей, Украина, Қазақстан, Беларус, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Грузия және басқа да мемлекеттерден 100-ден астам байланыс орталықтары қатысады. Аталған кәсіби конкурс байланыс орталықтары индустриясында ең салмақты және беделді кәсіби байқау, әрі халықаралық мойындауға ие марапат болып саналады.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Бірыңғай байланыс орталығының директоры Анар Ұлманованың айтуынша, Қазақстанның мұндай халықаралық байқаудың номинацияларының бірінде ерекше сыймен аталып өтуі жобаның бүкіл ұжымы үшін ерекше мақтаныш, әрі бұдан әрі жұмыс жасауға ынта беретін себеп болып табылады. Бүгінгі таңда Бірыңғай байланыс орталығы еліміздің қонақтары мен азаматтары арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің алу реті мен мерзімі туралы ақпаратқа қол жеткізудегі сұранысы жоғары тәсілге айналды. Елбасының бастамасымен құрылған бірыңғай байланыс орталығы бес жылдан бері сәтті қызмет жасап келеді. Естеріңізге салсақ, бұл байланыс орталығының қоржынындағы бірінші жетістік емес, бұрын да Қазақстанның байланыс орталығы тиімді, қолжетімді және айқын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге онлайн-қолжетімділікті дамытуға арналған «WSIS PROJECT PRIСES» - 2016 халықаралық байқауында жеңімпаз атанған болатын, сондай-ақ ISO және EN халықаралық стандарттарына сәйкестік сертификаттарына қол жеткізген болатын.
Бүгінгі таңда 1414 Бірыңғай байланыс орталығының мамандары 700-ден астам мемлекеттік қызметтер бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді, оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының үлесіндегі қызметтер мен eGov.kz порталындағы онлайн-қызметтер бар. 2017 жылдың басынан бері Бірыңғай байланыс орталығына азаматтардан 1 милионнан астам өтінім түскен. Ал орташа баға 4,73-ті құрап, пайдаланушылардың қанаттанушылық деңгейінің жоғары екенін дәлелдейді. Азаматтар үшін жоғары сұранысқа ие болған қызметтер қатарында тұрғылықты жері бойынша ҚР азаматтарын тұрақты және уақытша тіркеуге алу, жылжымайтын мүліктің болмауына (болуы) туралы анықтамаларды беру, баланың тууы мен күтіміне байланысты төленетін жәрдемақылар, салықтық есептерді қабылдау, Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығымен берілетін тіркеу куәліктерін алу және тапсыру, азаматтарға уақытша куәліктерді беру және т.б. жатады.
Естеріңізге салсақ, 2011 жылдан бері еліміздегі тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша консультация беру еліміздің кез келген аймағынан кез келген телефоннан 1414 және 8-800-080-777 тегін нөмірлері бойынша тәулік бойы көрсетіліп келеді.