Skip to main content

Наркологиялық, психоневрологиялық, туберкулездиспансерінен берілетін анықтамаларды @EgovKzBot арқылы алуға болады

24.01.19 г., «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ @EgovKzBot Telegram-ботында Денсаулық сақтау министрлігінің қосымша үш қызметінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Енді Telegram көмегімен азаматтар келесі қызметтерді сұрай алады:

·  Наркологиялық диспансерден анықтама;

·  Психоневрологиялық диспансерден анықтама;

·  Туберкулез диспансерінен ұйымнан анықтама беру.

Анықтамалар тегін беріледі. Аталған анықтамаларды онлайн режимде алу жеңіл, әрі азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдейді (мысалы, жүргізуші куәлігін ауыстырған кезде).

Қызметті алу үшін «Мобильдік азаматтар базасында» тіркелу қажет, яғни өз телефон нөмірін eGov.kz порталының Жеке кабинетінде тіркеп, өзіңіздің гаджетіңізде, Telegram мессенджердегі ботты іске қосу қажет (@EgovKzBot деп іздеу керек).

Бұдан әрі алдын-ала белгіленген бұйрықтарды жолдау және сұранысты SMS-код арқылы растау арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады, әрі сұраулардың нәтижесін бірден пайдаланушының электрондық поштасына жіберуге болады.

Қазіргі уақытта Telegram-бот арқылы қол жетімді сервистер мен қызметтердің саны 20-ға жетті.

                                                                                                          * * * * *

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ – «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымы мен мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі-техникалық қолдау көрсетуді жүзеге асырады, Деректер қорындағы («Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Мекенжай тіркелімі», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі», «Е-лицензиялау», «Е-техбайқау») ақпараттың қауіпсіз сақталуына жауап береді. Халықпен, яғни клиенттермен қызмет бұл – «Электрондық үкімет» (egov.kz) және «Ашық үкімет» (open.egov.kz) порталдары, mGov.kz қосымшасы, телеграм бот @EgovKzBot, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығы.

Қосымша ақпарат үшін:

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

Қазақстан Республикасы, Астана қ. Д.Қонаев к-сі 14/1

т.: +7-7172-740596

www.nitec.kz