Подать заявку на корректировку ошибочных сведений объектов недвижимости стало возможно онлайн
«Электрондық үкімет» порталында егер ЖМТ МДҚ АЖ-де қателіктер жіберілген жағдайда түзету енгізу мүмкіндігі пайда болды.
«Бұрын, аталған жылжымайтын мүлік объектілерінде өзгерістер енгізу үшін ХҚКО-ға жүгіну қажет болатын, біз пайдаланушыларға мүмкіндік бере отырып, процедураны жеңілдетуді шештік eGov.kz түзету қызметіне тапсырыс беріп және құқық белгілеуші құжаттың көшірмесін қоса тіркеп, қате туралы хабарлау», - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Қызметті алу үшін Порталда авторизациядан өту қажет, содан кейін Порталдың басты бетінде «Азаматтарға» бөліміне өтіп, «Жылжымайтын мүлік» санатын таңдау қажет, содан кейін «Тұрғын үй қатынастары» бөліміндегі «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектілерінің қате мәліметтерін түзету» қызметі бойынша батырманы басып, Қызметке онлайн тапсырыс беру қажет.
Қате мәліметтерді түзетудің екі түрінің бірін таңдау мүмкіндігі бар:
— Құқық белгілейтін құжат негізінде жылжымайтын мүлікке құқық жазбасына түзетулер енгізу;
— Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы мен кадастрлық нөмірін түзетуді енгізу.
Өтінім беру үшін телефон нөмірін енгізіп, жылжымайтын мүлік түрлерінің бірін, оның мекенжайын таңдау қажет және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ расталғаннан кейін құжаттарды pdf, jpeg, jpg форматында тіркеу, құжаттың нөмірі мен күнін енгізу қажет. Сұрау салуға ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы қол қою қалады. МО сұрау салуды сәтті өңдеген кезде жеке кабинетке өтінімнің орындалуы туралы хабарлама келеді.
Қызметке мына сілтеме бойынша тапсырыс беруге болады: https://egov.kz/cms/ru/services/housing_relations/pass_mu_P3-20