Нұр-Сұлтан қаласында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басшылығының қатысуымен Қытай China Electronics Technology Corporation (CETC) International компаниясының өкілдерімен кездесу өтті
Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде, Нұр-Сұлтан қаласында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басшылығының қатысуымен Қытай China Electronics Technology Corporation (CETC) International компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және дата орталықтарын салу саласындағы екіжақты ынтымақтастық мүмкіндігі талқыланды. Сондай-ақ, жол картасын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру мәселесі де қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтасуға дайын екендіктерін білдірді.
Анықтама үшін: CETC International электрондық технологиялар саласындағы көшбасшы, дербестендірілген ақпараттық сервистер, электроника және жүйелер шешімдерінің бірыңғай жеткізушісі болып табылады. Компанияның негізгі өнімдері РЛС, РЭЖ жүйелері, байланыс, электроника, қоғамдық қауіпсіздік жүйелері болып табылады.