Skip to main content
  • Ақпараттық хабарлама

    Ақпараттық хабарлама

    Виртуалды инфрақұрылымның қолайлы жұмысын қамтамасыз ету үшін 2024 жылғы 13 маусым сағат 01:00-ден 4:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізілетін болады.
    Келесі жобалар қолжетімді болмауы мүмкін:

  • NITEC пен KazAID ынтымақтастық географиясын кеңейтуде: қазақстандық IT шешімдер Сьерра-Леонеге экспортталады

    NITEC пен KazAID ынтымақтастық географиясын кеңейтуде: қазақстандық IT шешімдер Сьерра-Леонеге экспортталады

    Қазақстан Сьерра-Леоне Республикасының электрондық үкіметін дамытуға техникалық көмек көрсетеді. KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің көмегімен Sierra Leone Innovates 2024 саммитінде электрондық үкіметтің цифрлық құрамдастарын тапсыру өтті.

  • «ҰАТ» АҚ мен QazCode арасындағы меморандум: ЖИ технологияларын дамытудың жаңа кезеңі

    «ҰАТ» АҚ мен QazCode арасындағы меморандум: ЖИ технологияларын дамытудың жаңа кезеңі

    Жасанды интеллект технологияларын дамыту мақсатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) мен QazCode компаниясы одан әрі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Серіктестік Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы цифрлық шешімдерді әзірлеу жөніндегі қызметі аясында ұйымдастырылды.

  • NITEC Egov модульдерін Тоголез Республикасына экспорттайды

    NITEC Egov модульдерін Тоголез Республикасына экспорттайды

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) және Тоголез Республикасының Цифрлық агенттігі (ATD) электрондық үкіметтің үш модулінің цифрлық компоненттерін беру туралы лицензиялық келісімдерге қол қойды. Қол қою рәсімі 18 маусымда Тогоның астанасы Ломеде өтті.

  • eGov.kz порталында білім туралы құжаттарды тану бойынша қызмет жұмыс істейді

    eGov.kz порталында білім туралы құжаттарды тану бойынша қызмет жұмыс істейді

    Енді пайдаланушылар онлайн режимінде электрондық үкіметтің порталында жоғары, орта, техникалық және орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қызметіне өтінім бере алады. Бұл пайдаланушыларға білім туралы бұрын алынған құжаттардың түпнұсқалығын растауға мүмкіндік береді.

    Қызметті алу нәтижесінде пайдаланушы бұрын жоғалған құжаттың түпнұсқалығын тану туралы куәлік ала алады, оның телнұсқасын ала алады немесе шетелде алынған білімнің түпнұсқалығын растай алады. Қызмет Қазақстанда және одан тыс жерлерде білім алғанын растайтын құжаттарға таралады.

  • eGov.kz емханаға тіркелу қызметін жаңартты

    eGov.kz емханаға тіркелу қызметін жаңартты

    Енді емханаға тіркелу қызметі тек ҚР азаматтары үшін ғана емес, сонымен қатар қандастар мен бейрезиденттер үшін де қолжетімді. Енді медициналық мекемеге тіркелу барысында пайдаланушылар дәрігерді таңдай алады, сонымен қатар медициналық қызмет көрсету учаскесінің нөмірі туралы ақпаратты көре алады.

    Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу қызметі eGov.kz.-те ең танымал қызметтердің бірі болып қала береді. 2024 жылдың 6 айында ғана порталға емханаларға тіркелу бойынша 1,2 млн-нан астам өтінім берілді.

  • Ақпараттық хабарлама

    Ақпараттық хабарлама

    Қазіргі уақытта eOtinish.kz электрондық өтініштер сайтының қызметтерінің дұрыс істемеуі байқалады.

    Аталған сайттың жұмысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіру күтілуде.

    Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

  • Ақпараттық хабарлама

    Ақпараттық хабарлама

    "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ eOtinish.kz электрондық өтініштер сайтының қолжетімсіздігі туралы хабарлайды

    Мамандар сайттың жұмысын қалпына келтіру үшін бар күшін салуда. Ресурстың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру туралы қосымша хабарланатын болады.

    Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.