ҚР Қарулы Күштерінің азаматтық персоналы eGov Mobile қосымшасы арқылы тұрғын үйге кезекке тұра алады
Жаңа көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж азаматтық персоналы үшін eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Енді қызметтік тұрғын үйге кезекке тұру тек электрондық үкімет порталы арқылы ғана емес, сонымен қатар смартфондардан да мүмкін.